lazarchuk
Евгений Геннадьевич Лазарчук
«AMANAT» партиясынан депутат

Евгений Геннадьевич Лазарчук 1989 жылы 11 мамырда Ақтөбеоблысы, Қарғалыауданы, Айтпайка ауылында дүниеге келген. Білімі - орта-техникалық. 2007 жылы Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжін техник-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Елім Табантал» ЖШС механизатор болып бастаған. 2009 жылдан 2012 жылғадейін «Қазақ авто жол» РМК-да жүргізуші, механик болып жұмысістеді. 2012 жылдан 2015 жылғадейін «ВЕСТ-V» ЖШС атқарушы директоры қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС жүргізуші болып жұмысістеді. 2017-2019 жылдары – «Интерстиль» ЖШС жүргізушісі болды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқадейін «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы». 2019 жылдың мамыр айынан бастап «Ақтөбе, тыныс ал!» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша МЭГРП-нің Экоамбассадоры.
«2019 жылдың үздік еріктісі», 3 орын, ЭКОАМБАССАДОР МЭГРП сертификаты, «Халық Алғысы» медалімен, «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, экологияны қорғауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған (2021 ж).
Отбасылы, бір балатәрбиелеуде.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.