kozdigarin
Естай Ибрагимұлы Сисенбаев
«AMANAT» партиясынан депутат

Естай Ибрагимұлы Сисенбаев 1978 жылы 17 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.
№ 1 Қарауылкелді орта мектебінің және Байғанин ауданы балалар музыка мектебінің түлегі.
1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша диплом алды.
Еңбек жолын 1997 жылы «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Актюбэнергонефть» басқармасында қазандық жабдығы жөніндегі слесарінен бастады. 2000 жылдан бастап аталған мекемеде су насостарына арналған машина жүргізушісі болып жұмыс жасады. 2003 жылы «АСБИ» ЖШС жабдықтау бөліміне жұмысқа орналасып, 2004 жылдан бастап осы мекемеде бөлім басшысы қызметін атқарды. 2006 жылы «Бас Сардар» ЖШС, 2009 жылы «СтройгазСервис-Актобе» компаниясының Бас директоры қызметінде болды. 2009 жылдан бастап «Bazis Group KZ» ЖШС құрылтайшысы.
Қарапайым қатардағы жұмысшыдан басшылық деңгейге дейінгі жинақтаған еңбек тәжірибесінде ұйымдастырушылық қабілетін жетілдірген білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Біліктілігін арттыруда Төменгі Саксония неміс менеджмент академиясының, «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіби академиясының және Назарбаев университетінің сертификаттарын иеленді. Әртүрлі жылдарда облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, 2020 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, 2021 жылы ҚР Тәуелсіздіңінің 30 жылдығы төсбелгісі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.