itegulov
Еламан Маратұлы Итеғұлов
«AMANAT» партиясынан депутат

Еламан Маратұлы Итеғұлов 1988 жылы 7 қарашада Алматы облысыСарқандқаласындадүниегекелген.
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған О.Жәутіковатындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп – интернатын (РМФМОММИ) бітірген.
2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) «Іскерлік әкімшілендіру» факультетіне оқуғатүсті. 2010 жылыаталған институттыбітіріп, «Қаржы/Менеджмент» мамандығы бойынша диплом алды. Оқукезінде Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің әскери кафедрасында әскеридайындықтан өтіп, сержант әскери атағын алды.
Еңбек жолын 2010 жылы бастап, көтерме сату жөніндегі менеджерден бастап, лауазымы түрлі ірі компанияларда басшыға дейінөсті.
2016 жылдан бастап қазіргіуақытқа дейін «Фирма Жандос и К» ЖШС директоры болып жұмыс жасайды.
2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
Өзінің еңбек жолында өзін ұйымдастыру шылық қабілеті бар тәжірибелі маман ретінде көрсете білді. «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен марапатталған. Белсенді өмір салтын жүргізеді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылы, бір бала тәрбиелепотыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.