«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
5. Алынып тасталды.
6. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.