Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

 

жоба

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы                         №103                 2021 жылғы 9 желтоқсан

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

 

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

            2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы                                                       А. НУГМАНОВ

                                                             Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №103 шешімімен

                                                                                     бекітілген

                                                                                      

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған

Ж Ұ М Ы С   Ж О С П А Р Ы

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;

 

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

            2022 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 

І тоқсан

1. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

 

ІІ тоқсан

            1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

            1.1. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

           

           

ІІІ тоқсан

                       

1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.

                                                                                                           

ІV тоқсан

1. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері.

Ескерту: Сессияларда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.

ІІ. Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі

тұрақты комиссиясы

 

I тоқсан

1. Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы.

2. Ақтөбе облысын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары туралы.

3.Жергілікті атқарушы органдардың аграрлық секторды және тұрақтандыру қорын субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмысы туралы.

4. Облыстың елді мекендерін ауыз сумен, газбен және жарықпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

IIтоқсан

 

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
  2. Тексеру комиссиясының 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есебі.
  3. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылғы бақылау нәтижелері туралы есебі.
  4. .
  5. Ақтөбе облысының квазимемлекеттік секторының 2021-2022 жылдардағы жұмысының тиімділігі туралы.
  6. Ақтөбе облысында ветеринариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысы туралы.

4. Ақтөбе облысындағы орман шаруашылықтарының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайы туралы.

6. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары, көппәтерлі үйлерді ұстау мәселелері туралы(КСК, ОСИ).

IIIтоқсан

4. Облыста, оның ішінде Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы.

5. Цифрлық технологияларды енгізуге және Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттердің 2022 жылға орындалуына жауапты бөлімшелердің есебі.

IV тоқсан

1. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы.

2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы.

3. Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның 2022 жылғы есебі.

ІІІ. Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтәртібі

жәнежұртшылықпенжұмысжөніндегі

тұрақты комиссия

 

І тоқсан

1. Облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрілік заттарға бағаны мониторингтеу туралы.

2. Ақтөбе облысында орта білімді қамтамасыз ету сапасы туралы.

3. Ақтөбе облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы оқиғаларының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.

4. Еңбек инспекциясының жұмыс барысы және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

 

ІІ тоқсан

 

1. Халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстардың барысы туралы.

2. Демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

3.Ақтөбе облысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөніндегі полиция департаментінің жұмысы туралы.

            4. Ақтөбе облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

ІІІ тоқсан

1. Ақтөбе облысында жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысы туралы.

2. Ақтөбе облысының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету туралы.

3.Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі жай-күй және шаралар туралы.

4. Қылмыстық-атқару жүйесінің жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары.

ІVтоқсан

1. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының есепті жылда атқарған қызметі туралы.

2. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.

3. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылғы есебін бекіту туралы.