Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабар

2021 жылы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 562 351 азамат енгізілді, оның ішінде 330 403 адам немесе 58,75 пайызы бюллетень алды.
Дауыс беруге 324 125 адам қатысты, оның ішінде 538 сайлаушы есептен шығару куәліктері бойынша, 3 818 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
«Nur Otan» партиясы - 256 655 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 80,72%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 25 893 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,14%;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 27 460 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,64%;
«АДАЛ» саяси партиясы - 7 962 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,50%.
Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:
«Nur Otan» партиясы - 27 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 3 мандат.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы