Жайсан ауылының арнайы мектеп- интернатының балаларына қайырымдылық акциясы өтті

№4 Мясоедовский сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұлов пен Пацаев сайлау округінің депутаты Д.А. Довматенко Жайсан ауылының арнайы мектеп- интернатының балаларына қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Балаларды Ақтөбенің ойын-сауық кешендерінде, «Айс» сүт өндіру зауытында балмұздақпен астандырып экскурсия өткізген соң картинг орталығында сырғанатты.
Ұйымдастырылған шарадан соң, интернат тәрбиеленушілеріне облыстық Достық үйінде өткен концерттік бағдарлама соңында естелікті сыйлықтар тарту етті.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

25 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24-сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және оның орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары қатысты.
Жиында депутаттар назарына облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы «2014—2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі ұсынылды. Сессия жұмысына депутат Айдар Ахмет төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаржаубай Ыбырайымұлы баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, салықтық және трансферттік түсімдер есебінен облыстық бюджеттің кіріс бөлігі көбейді. Осы қаржыны, негізінен, жылумен, сумен жабдықтау жүйесіндегі жөндеу жұмыстарына, жолдар мен коммуналдық тұрғын үйді жөндеуге, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу жұмыстарына жұмсау көзделіп отыр.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары гір және армрестлингің екі күндік Республикалық чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

№18 ключевой сайлау округінің депутаты К.Б. Аманбаев пен №8 Пацаев сайлау округінің депутаты Д.А. Довматенко гір және армрестлингің екі күндік Республикалық чемпионатының ашылу салтанатына қатысты.
Чемпионат Жұбанов атындағы өңірлік университеттің спорт кешенінде өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстанның 11 облысынан спортсмендер жиналып, ең үздік спортшы атағына күреседі. Жарыс барлық салмақ категорияларында өтеді. Жарыстың жеңімпаздары біздің елімізді әлем чемпионатында танытпақ.

Өткен жұма күні облыстық мәслихаттың экология және табиғат пайдалану, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып өтті

Комиссиялардың жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов, басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау органдарының, жерасты қазба байлығын пайдаланушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссиялардың мәжілісінде екі мәселе — облыстың атмосфералық ахуалын жақсартуға және мал шаруашылығын дамытуға байланысты мемлекеттік органдардың жүргізіп отырған жұмыстары қаралып, талқыланды.

Толығырақ...

11-13 науырыз күндері Ақтөбе обылыстық мәслихатының депутаттары орыс тілінде оқытылатын №3 орта мектепте және №27 орта мектеп-лицейде болып, мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайымен танысты

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес «Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайы туралы» мәселені қарауға дайындау жөнінде жұмыс тобы құрылып және жұмыс жоспары жасалды.
Құрамында тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық білім және тілдерді дамыту басқармаларының, қалалық ғылыми әдістемелік орталығының, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының өкілдері бар Жұмыс тобы жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайымен танысып, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын көрді.

Толығырақ...

Шығып қалған депуттататрдың орнына маслихат депуттаттарын сайлау комиссиясы туралы

Бүгін, Күнбаева Г.Н. төрағалық еткен семинарға аумақтық және участкелік комиссияларының төрағаларымен хатшылары, саяси партияларының өкілдері, мәслихат депутаттығына кандидаттар, сенімді тұлғалар және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Конститукциялық заңының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» 4 тармағының 101 бабына сәйкес мәслихат депутаттарының сайлауы, 6 сайлау округі бойынша өтеді.

2014 ж. 30 науырызында, сайлау күні облыстық және қалалық мәслихатқа 1 депутаттан, Айтеке би ауданына 2 депутаттан, Хобда және ойыл аудандық мәслихаттарына 1 депутаттан сайланады.
Облыстық Сайлау науқанында 5 аумақтық, облыстың мәслихаынан-1 қалалықтан -1, аудандық мәслихаттарын сайлау бойынша 4 округтік, сайлау комиссиясы қатысты. Облыс бойынша, сайлау комиссиясынан сайлау науқанына барлығы 252 мүше қатысып отыр.

Толығырақ...

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31