Бүгін облыстық мәслихатының депутаттары, аппараты, Қоғамдық Кеңесінің мүшелері және «Актобе, дыши» волонтерлері «Ағаш отырғызу күні» республикалық экологиялық акциясына қатысты. А.Молдағұлова даңғылындағы «Шалқар аллеясында» 100 мойыл мен шаған көшеттері отырғызылды.
Акцияның мақсаты - ормандарды сақтау және қалпына келтіру, қалалық жасыл аймақтарды жайластыру, орман байлықтарын сақтау және көбейту ісінде қоғамдық мүддені дамыту, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстарды тарту.
2019 жылғы 10 қазанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
2019 жылғы 1 қазанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің, медициналық мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
2019 жылғы 25 қыркүйекте облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.
Қабылдау айына 2 рет әр сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ден - 17.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында (облыстық әкімдік ғимараты), №208 бөлмеде жүргізіледі. Келесі қабылдау 2019 жылдың 16 қазанында өтеді.
2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың сессиясына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
2019 жылғы 16 қыркүйекте, №10 Абай сайлау округінен депутат Асхат Әбдірахманұлы Айтжановтың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы Тоқжанов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты.
2019 жылғы 12 қыркүйекте №28 Қобда сайлау округінен депутат – Хайдар Жадитұлы Ильясовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
2019 жылғы 6 қыркүйекте №14 Шайкенов сайлау округінің депутаты – Апуажан Төлегенованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұлов қатысты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Хайдар Жадитұлы Ілиясов қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыға мереке сыйлады. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы шеңберінде материалдық көмек көрсетіп, мектепке қажетті құралдар, киім-кешек, кеңсе тауарлары сатып алынып, мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Депутат бүлдіршінге жақсы оқуға тілек білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Жыл сайын облыстық мәслихат депутаттары Марат Серғазыұлы Итегулов пен Дмитрий Адамович Довматенко «Мектепке жол» республикалық акциясына белсенді қатысып келеді. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу. Биылғы жылы 76 оқушы - бала қамқорлыққа бөленді. Сыйлықтарды тапсыру салтанатты түрде өткізіліп, депутаттар бүлдіршіндерге оқуда табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
1 қыркүйек қарсаңында өтетін жыл сайынғы игі дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бүлдіршіндеріміз үлкен сыйлыққа ие болды. Көпбалалы отбасылардан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындар қуанышқа кенелді. Солардың қатарында Әлихан мен Исламда бар. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларды мектепке қажетті заттармен, киіммен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсетті.
Білім күні қарсаңында облыстық мәслихаты депутаты Асхат Абдрахманұлы Айтжанов оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқу жылының басталуына дайындық кезінде мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балаларға киім-кешек пен құрал-жабдықтар табыстады. Және де «Ақтөбе» мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ балаларға арналған мектеп жинақтарын алуға материалдық көмек көрсетті.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алуға көмектесу. №27 Ойыл сайлау округінен депутат Талғат Маратұлы Салфиков өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасына материалдық көмек көрсетті, балаларға мектеп формасы, спорттық костюмдер, аяқ киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. Сондай-ақ депутат өз сайлау округінің азқамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына мектеп жиынтықтарын табыс етті.
Бүгін облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында «Тұрғындарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы» және «2019-2020 жаңа оқу жылының басталуына дайындық туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Ж.Махамбетов және білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Т.Сүлейменова хабарлама жасады.
2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың депутаттарының қарауына Ақтөбе облыстық әкімдігімен «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Серікұлы Аманов хабарлама жасады.
2019 жылғы 25 шілдеде облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Бисенғалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Е.А.Назаров және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембай хабарлама жасады.
2019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. «Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» мәселесі бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К.Қадырбаев хабарлама жасады.
Н.К.Қадырбаев облыс көлемінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен, республикаға белгілі ғалым-зерттеушілерді тарта отырып арнайы жобаны жүзеге асыру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс Жоспары жасалғаның айтты.
2019 жылғы 17 шілдеде облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.
Қабылдау айына 2 рет әр сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ден - 17.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында (облыстық әкімдік ғимараты), №208 бөлмеде жүргізіледі. Келесі қабылдау 2019 жылдың 31 шілдесінде өтеді.
Сәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин есеп берді.
Сессия отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Д.Шарипов қатысты.
Аймақ басшысы өз есебінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталып, алдағы уақытта облысымызда атқарылатын нақты жұмыстар туралы кеңінен айтып өтті.
2019 жылғы 12 шілдеде, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.