2018 жылғы 4 сәуірде облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

«Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғыртудың өзекті мәселелері, ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді жою туралы» Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қасымов баяндады. Ол ескі және апаттық үйлердің бүгінгі күнгі жағдайы туралы айтты.
Сонымен қатар комиссияда «Облыстық маслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.И.Сейітов хабарлады.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды мүгедектік, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, денсаулық жағдайына қатысты мәселелер бойынша қабылдады

2018 жылғы 29 наурызда кестеге сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды мүгедектік, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, денсаулық жағдайына қатысты мәселелер бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі

Бүгін облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі өтті:
Кездесуге ПІШЕМБАЕВ Мейрам Кұдайбергенұлы - экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі;
ӨТЕМІСОВ Шавхат Әнесұлы - экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі;
КОЗЛОВ Евгений Александрович - заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
КЛИМЕНКО Иван Иванович - әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қатысты.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 28 наурызында, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы» облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысының орынбасары А.А. Көкеев баяндады.

 

Толығырақ...

Депутаттар Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, жұмысымен танысты

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресмилендіру бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша депутаттар Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, жұмысымен танысты.
Аталаған мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралады.

Баспасөз хабарламасы

26 наурыз 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Толығырақ...

Наурыз мейрамына арналған мерекелік дастархан

«Энергия» сауда үйі жетекшілері В.А.Хмыров пен облыстық мәслиxатының депутаты С.В.Вишняктың бастамасымен Наурыз мейрамына арнап барлық қонақтары үшін мерекелік дастарxан дайындады. Ән мен биге ұласқан керемет мереке өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының баспасөз-хабарламасы

2018 жылғы 20 наурызында облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының жалпы отырысы №30 Шалқар қалалық сайлау округінен депутат Ақылбек Тілеулесұлы Оралмағанбетовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласыны әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақтөбе қаласы әкімі І.С. Испанов хабарлады.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппаратының қызметкерлері қаламыздағы ардагерлер мен зейнеткерлерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппаратының қызметкерлері қаламыздағы ардагерлер мен зейнеткерлерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ұлттық мерекесі, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады! Барлығына береке, қуаныш пен жақсылық тілеп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 19 наурызда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы К.Д.Елубаев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы 2018 жылғы 20 наурызда сағат 12.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.

Хабарламашы: І.С.Испанов – Ақтөбе қаласының әкімі

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 20 наурызда сағат 12.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық
мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

Балаларға мереке ұйымдастырылды

Облыс басшысы Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен «Бақытты бала» жобасы қарқынды жүзеге іске асырылып келеді.
Наурыз мейрамы қарсаңында халық қалаулылары кішкентай Ақтөбеліктерге мереке сыйлады. Өздерінің сайлау округтерінің оқушыларымен мультфильмдер мен кинофильмдерді көріп, батутта секіріп, Бургер Кинг пен аспаздық студиясында дәмді тамақтанды.
№6 Жанұзақ сайлау округінен депутат Сергей Вишняк және № 28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Ілиясов Мәртөк ауданы Құрмансай, Байнасай ауылдық округтерінің, Ақтөбе қалалық №26, №40 орта мектептерінің балаларымен бірге «Керуен-Сити» ойын-сауық кешенінде болды.

 

Толығырақ...

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

2018 жылғы 15 наурызда кестеге сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Қарғалы аудандық соты «Соттан тыс татуласу кабинетін» ашты

2018 жылғы 12 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Аманбайұлы Садықов Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Қарғалы аудандық сотымен өткізілген «Соттан тыс татуласу» кабинетінің ашылу рәсіміне қатысты.
Соттан тыс татуласу кабинетінің құрылуы қоғамдағы дау-дамайды азайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеріп және дауды бітімгершілікпен шешіп, материалдық және моральдық шығындарды азайтып, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бірден-бір септігін тигізеді.

Толығырақ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәслелері бойынша кәсіпкерлердің өңірлік Форумы

2018 жылдың 12 наурызында Қ.Жұбанов атындағы университеттің конферец залында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәслелері бойынша кәсіпкерлердің өңірлік Форумы өткізілді. Форумға облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Толығырақ...

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау

Ақтөбе облыстық мәслихаты Халықаралық әйелдер күні мерекесімен ардагер және зейнеткер әйелдерді, мүмкіндігі шектеулі азаматшаларды құттықтады.
Аруларды шұғыла көктем мерекесімен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй мен береке тіледік.

Толығырақ...

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

2018 жылдың 5 наурызында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» облыстық актив өтті. Активке облыс әкімі, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпорындардың, құқық қорғау органдарының, оқу орындарының басшылары, қоғамдық кеңестердің мүшелері және т.б. қатысты. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмірін жақсарту үшін бес әлеуметтік бастама жария етті. Олардың ішінде жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салық ауыртпалығын төмендету, «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізу, техникалық мамандықтар бойынша гранттар бөлу. Және де шағын, орта бизнестің дамуына және өңірлерді газдандыруға назар аударылды», - деді Бердібек Сапарбаев.

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 5 наурызда, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

1 наурыз 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Толығырақ...

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары Ақтөбе қаласындағы спорт нысандарының жұмыстарын қарады

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметімен танысып, Ақтөбе қаласындағы спорт нысандарының жұмыстарын қарады, олар:
1. Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
2. Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
3. №4 облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.
«Тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы» мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралады.

Толығырақ...

Тағы мақалалар...

  1. Облыстық мәслихаттың депутаттары «Ақтөбе» Индустриалдық аймағына барды
  2. Облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясы
  3. Ақтөбе облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі
  4. Облыстық мәслихат депутаттарының, облыстық басқармалар және департамент басшыларының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына
  5. 19 ақпан 2018 жылы облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
  6. 2018 жылғы 19 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті
  7. 2018 жылғы 16 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты коми
  8. Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары МЖӘ бойынша төменде көрсетілген объектілерге барды
  9. 2017 жылғы 14 ақпанда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
  10. 2017 жылғы 09 ақпанда, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31