Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 24 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» мәселесі бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы С.Енсегенұлы хабарлама жасады.

 


Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «2016-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен қаржыландыру көлемі 112 867,0 млн.теңгеге жоспары бекітілді.
Есепті кезең ішінде Ақтөбе облысының бекітілген бюджетіне облыстық мәслихаттың шешімдерімен 7 рет өзгертулер енгізілді.
Облыстық бюджеттің кірістер бойынша түзетілген жоспары 141 585,0 млн.теңгеге немесе 101,3 пайызға орындалды. Алайда трансферттер түсімдерінің жоспары Темір және Хромтау аудандарынан 943,1 млн.теңге облыстық бюджетке түсетін қаражаттың түспеуінен 99,1 пайызға орындалған. Бұған себеп осы аудандардың кіріс жағын негізсіз артық жоспарлауы салдарынан түсім орындалмаған. (Хромтау – 563,1 млн.теңге, Темір – 380,0 мл.теңге)
Шығыстар бойынша 2016 жылға түзетілген бюджет 158 401,9 млн.теңгені құрап, орындалуы 157 846,0 млн.теңгені немесе 99,6 пайызды құраған. Жыл қорытындысы бойынша 555,9 млн.теңге игерілмеген. Жеке облыстық бюджеттен 232,1 млн.теңге, қалалық және аудандар бюджеттен 225,7 млн.теңге республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген трансферттер есебінен болып отыр.
Жергілікті бюджет қаржысын және трансферттерді пайдаланудың басты кемшілігі олардың толық игерілмеуі болып отыр. Оның себептері – нысаналы трансферттер көлемінің және мемлекеттік сатып алу процесстерінің жеткілікті дәрежеде сапалы жоспарланбауы, сонымен қатар, жергілікті деңгейлердегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершіліктерінің төмен деңгейі.
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2016 жылы 144 мемлекеттік аудит объектілерінде 16 мемлекеттік аудит іс-шараларын жүргізді.
Осы іс-шаралармен 165 042,1 млн.теңге қаражат қамтылып, анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 8 451,0 млн.теңгені құрады. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын қаражат көлемі 2 715,5 млн.теңге, бүгінгі күнге оның 2 699,3 млн.теңгесі қалпына келтірілді.
Бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар 3 764,9 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша – 1 096,0 млн.теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 12,6 млн.теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 2 576,4 млн.теңге, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша – 231,8 млн.теңге, бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану бойынша – 474,6 млн.теңге және тиімсіз жоспарлау бойынша 294,7 млн.теңгені құрады.

 

2016 жылы жүргізілген барлық тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға жол бергені үшін 64 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
2016 жылы 5,3 млн.теңгеге 55 әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, тексерулер барысында артық еңбекақы алу, келісім-шарт сомасын көбейту арқылы бюджет қаражатын негізсіз пайдалану фактілері анықталып, 19 тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

«Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі №456 Жарлығымен «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізілді.
«D санаттарының тобы» деген бөлімде, D-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылды, «Тексеру комиссиясының төрағасы»;
D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылды, «Тексеру комиссиясының мүшесі».
Бұрын Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері «А» корпусы әкімшілік қызметшілер лауазымдарына кірді, енді енгізілген түзетулер бойынша олар енді «Б» корпусына кіреді.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері лауазымдарына тағайындау және босату облыстық мәслихаттың сессиясында жүзеге асырылады және алдағы сессияда оларды қайта тағайындау қажет.

Күн тәртібіндегі үшінші «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының «Б» корпусының D-1 және D-2 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы С.Енсегенұлы хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының «Б» корпусының D-1 және D-2 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары қайтадан бекітіледі.

«Облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары басқарма басшыларының есептерін тыңдады.
«Ақтөбе облысын басқару сызбасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 18 маусымдағы № 91 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. О.М.Смағұлов хабарлама жасады.

Талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, ескертулер жасады және ұсыныстар берді.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.