Пресс релиз

19-SMОблыстық мәслихатта кезекті бесінші сессияс өткізілді

2016 жылғы 17 тамызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының жалпы отырысына №25 Жұрын сайлау округінен депутат Сәлім Әмірадинұлы ІЗІМБЕТОВ төрағалық етті.

Кезекті сессияның жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Марат Мырзағалиұлы Тағимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Дәния Мадиқызы Еспаева, Сергей Анатольевич Симонов қатысты.
Облыстық мәслихаттың сессиясына құқық қорғау органдарының басшылары, Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, қалалық және аудандардың мәслихат хатшылары, Ақтөбе қаласының ардагерлері мен Ақтөбе облысының Құрметті азаматтары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыс әкімінің қоғамдық көмекшілері, облыстық басқармалар мен өңірлік мекемелердің, департаменттердің басшылары, жергілікті полиция қызметінің басшылары, өндірістік кәсіпорындардың, білім, денсаулық сақтау, спорт мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

«Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп» бойынша облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев баяндама жасады.
Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысын оң сипаттауға болады, негізгі көрсеткіштер бойынша өсу байқалады, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында (2,5%), құрылыс (1,6%), тұрғын үйді пайдалануға беру (12,2%), жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 0,9% - ға артты - деді облыс әкімі.
Өнеркәсіптің (94,9%) және инвестициялардың (95,6% - ға) төмендеуі байқалады. Сыртқы факторлар - мұнай мен тау-кен металлургия өнеркәсібі металдарына бағалардың төмендеуі әсерін көрсетті.
Сонымен бірге, қабылданатын шаралар жылдың қорытындысы бойынша кем дегенде 101% көрсеткіштерге қол жеткізуді болжамдауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Индустрияландыру Картасы шеңберінде құны 13,2 млрд. теңге 12 жобаны пайдалануға беру, 800-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Барлық инфрақұрылымымен алаңы 200 га «Ақтөбе» Индустриялық аймағы құрылды, онда 10-ға жуық орта және ірі зауыт және 30 шағын зауыттар орналастыру жоспарлануда.
Ағымдағы жылы шамамен 8,0 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жоба іске асыру басталды, 367 жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институты енгізілуде. Қазіргі таңда көлемі 16 млрд. теңгеден астам жеке инвестициямен 18 МЖӘ жобалары әзірленуде, соның ішінде 15 жоба құрылыс және қайта жөндеу бойынша 3 жоба МЖӘ объектілерін пайдалану.
Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің -102,5% өсуі қамтамасыз етілді.
Егер 2015 жылы, ауыл шаруашылығына 6,3 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, 2016 жылдың 1-жартыжылдығында 6,5 млрд. теңге.
Суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ақтөбе қаласында жер телімі 100 га индустриялық-аграрлық аймақ құру бойынша жұмыс жүргізілуде,
Ет және сүт бойынша өңдеу кәсіпорындарын құру шешілуде, ет және сүт өңдеу бойынша 13 шағын және орта кәсіпорындар ашу жоспарлануда.
Облыс әкімі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25–жылдығын тойлау Тұжырымдамасына сәйкес облыстық жоспар жасалып, бекітілді, ұйымдастыру комитеті құрылып, 5 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, 200-ге жуық әлеуметтік нысанды тапсыру жоспарланған – деді.

«2016 жылдың 1 жартыжылдығына Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және оның қызметін бағалау» бойынша Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Елтай Әнуарұлы Жұмағазин хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында тіркелген 9 863 қылмыстық құқық бұзушылық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3% - ға (2015 ж.-9560) артық, оның ішінде 8 910 қылмыс (+2%, 2015 жылы – 8698) және 953 анықталған бастамашылық қылмыс (+11%, 2015ж.- 862), бұл ретте, көшедегі қылмыс 0,4% - ға төмендеді (2 024 дейін 2015).
2016 жылдың 6 айы ішінде. 88 988 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,8% көп (2015 ж. – 84 112).
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 495 млн. 993 мың теңге, өндірілгені-267 млн. 457 мың теңге, төлету 54% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары 44%.
Әкімшілік айыппұлдарды тиімді өндіріп алу мақсатында ағымдағы жылы прокуратурамен өзара іс-қимыл және сот орындаушыларының қатысуымен айыппұлдарды өндіріп алу бойынша"Борышкер" акция өтті.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында оң нәтижелерге қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны мен оның салдарының ауырлығын азайту бойынша мақсатты шаралар қабылдауды жалғастырамыз.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша жол қозғалысын жақсартуды ұйымдастыру мақсатында 784 жол белгілерін жаңадан орнатылды, оның ішінде: халықаралық маңызы бар автожолдарда - 34, республикалық автожолдарда – 40, облыстық орталығының көше-жол желісінде 710.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша жергілікті полицияның өз функцияларын тиімді жүзеге асыруы, атқарушы биліктің іс-әрекеттеріне халықтың қаншалықты сенім білдіретіндігіне қатыситы екендігін түсінеміз – деді Е.А.Жұмағазин.

«Жергілікті полиция қызметі басшылығының ұсынған есебі, облыста криминогендік жағдай тұрақты, жергілікті полиция қызметі шұғыл жағдайға тиісті бақылауды жүзеге асыратындығы және кез келген өзгеріске әрекет ететіндігі жөнінде қорытынды жасауға болады - жергілікті полицияның есебі бойынша депутат Д.А.Довматенко осындай қорытынды жасады.
Учаскелік инспекторлардың жұмыстарын жақсартудың қажеттілігіне жергілікті полиция басшылығының назарын ерекше аударғым келеді.
Облыс тұрғындары жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің тиімділігін нақты сезінулері керек.

«Ақтөбе облысындағы денешынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы №219 шешімінің іске асырылу барысы туралы» денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Шамилұлы Маханов хабарлама жасады.
Қазіргі күні облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылдану-шылардың көрсеткіші, тұрақты түрде өсуде. 2015 жылдың көрсеткіші бойынша облыс тұрғындарының 26,9% спортпен тұрақты түрде шұғылданады, немесе 225 мың адам (2013 жылы – 201 мың,немесе 24,9% 2014 жылы – 213 мың, немесе 25,9%) оның ішінде 58 мың адам ауылдық жерде.
Облыс аумағында жылына екі мыңнан астам дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2015 жылы 5 халықаралық турнир, 40 республика чемпионаттары мен біріншіліктері, 150-ден астам облыстық деңгейдегі чемпионат-турнирлер өтті.
Бұқаралық-спорттық көрсеткішінің бірі, ол Президенттік тесттер болып табылады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың сәуір айының 20-сы мен мамыр айының 20-сы аралығында 120 мыңнан аса адам, оның ішінде ауылдық жерден 43 мың адам қатысқан облыстық президенттік тесттер өткізілді.
Облыстағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің саны 28 бірлікті құрайды, мектептерде шұғылданатын балалардың саны 16 мыңнан астам, оның 6 мыңы ауылдық жерде.
Сонымен қатар, 809 спортшы тұрақты түрде шұғылданатын Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы қызмет көрсетеді.
Сала қызметінің маңызды бағыттарының бірі ол, облыстық білім басқармасымен бірігіп спорттық секциялар, аула клубтарын ұйымдастыру болып табылады.
Облыста балалармен жасөспірімдерге арналған 11 аула клубы, физикалық дайындығы бойынша 1 балалар-жасөспірімдер клубы, қызығушылығы бойынша 37 денешынықтыру-сауықтыру клубтары жұмыс жасайды.
Облысымызда 72 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 23 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес, 11 спорт түрі дене мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында, 9 ұлттық, 11 техникалық спорт түрлері.
Маңызды көрсеткіштердің бірі, спортшылардың жетістіктері, халықаралық дәрежеде мойындалуы. 200-ден астам ақтөбелік спортшы, Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері.
Жылдың басты спорттық шарасы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға еркін күрестен Нұрислам Санаевтың және ауыр атлетикадан Фархад Харкидің қатысуы. Және бүгінгі күні, Қазақстан қоржынындағы медальдің бірін, ауыр атлетикадан, қола медальді Фархад Харки жеңіп алды.
Сондай-ақ, 2015 жылы 3 халықаралық спорт шебері, 11 ҚР спорт шебері, 142 спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.
Спорт резервін даярлау, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру, бұқаралық спортты одан әрі дамытуға тиісті база қажет - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар барлығы 21 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.