Пресс релиз

 

07.06.16SMОблыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өткізілді.

01 маусымда №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Г.Қ.Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өткізілді. Кеңейтілген отырыста «Ақтөбе облысының жер ресурстарын ұтымды пайдалану туралы» жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқарманың басшысы Н.Ш.Наурызбаевтың есебі мен «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелер қаралды.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқарма басшысының орынбасары Т.Б.Жаңабергенов өзінің баяндамасында атап өткендей - жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер түрінде жүргізіледі, олар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне қатал сәйкес жүзеге асырылуда.
Заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың арыз-шағымдары, сондай-ақ прокуратура органдарының тапсырмалары жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіз болып табылады.
Бүгінгі күні Басқарманың штаттық санын барлығы - 15 адам, соның ішінде тексеру жұмысымен тікелей айналысатын 8 мемлекеттік инспектор құрайды, олар облысты бақылаумен қамтуы тиіс.
Мәселен, биылғы жылдың 5 айында Басқарма ҚР-сы Жер заңнамасының талаптарын орындау мақсатында және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 356,398 мың га алаңда 295 тексеру жүргізді.
Тексерулер нәтижесінде 243,627 мың га алаңда ҚР Жер заңнамасын 205 бұзушылық анықталды, соның ішінде 123 бұзушыға ҚР әкімшілік өндірістер қозғалды, 28 бұзушыға қатысты жалпы сомасы 7614,4 мың теңге айыппұлдар түрінде әкімшілік шаралар қолданылып, 95 жер пайдаланушы ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Жеке және заңды тұлғалардан 3054,2 мың теңге сомасында ерікті түрде 14 айыппұл өндірілді.
5 субъект бойынша 498,4 мың теңге сомасындағы қаржы лі өндірілген жоқ, өйткені айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі келген жоқ.
Және де басқарма ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Бүгінгі күні тексеру облыс аумағында орналасқан 224 ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қамтыды.
2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 285,1 мың га алаңдағы 128 шаруашылық субъектісі тексеріліп, жалпы алаңы 242,5 мың га жерде 103 құқық бұзушылық анықталды.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша бұзушылықтардын басым көпшілігі Алға ауданында, яғни 17,6 мың алаңдағы 41 шаруашылық субъектісінде анықталды.
Сондай-ақ құқық бұзушылар қатарынан ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің шаруашылықтары анықталды. Мысалға Байғанин ауданында орналасқан 78,1 мың га алаңдағы «Еділбай-Байғанин» ЖШС, Әйтеке би ауданында орналасқан 50,8 алаңдағы «Псков» ЖШС және «Псков-А» ЖШС, Мәртөк ауданында орналасқан 7,3 мың га алаңдағы «Қарасор-А» ЖШС, 7,2 мың га алаңдағы «Шаңды-Агро» ЖШС сияқты шаруашылықтарда құқық бұзушылықтар табылды.
Ауылшаруашылығында пайдаланылатын құнды жерлердің тұрып қалу себептері әртүрлі. Дегенмен иелерінің жерді өндеуге көбіне-көп қаржылық мүмкіндіктері болмайды. Яғни фермердің өз учаскесі болғанымен, көбіне я техникасы, не тұқымы, не өндеуші құралдары жоқ.
Салық заңнамасына ауыл шаруашылық мақсатындағы қолданылмай жатқан жерлерге салық ставкасын он есе көтеруге мүмкіндік беретін түзетулер енгізілген болатын.
Соған байланысты салық органдарына 443,5 мың га алаңдағы 222 шаруашылыққа қатысты тексерулер материалдары жолданды (2015 жылы 201,0 мың га аландағы 119 шаруашылық, 2016 жылы 242,5 мың га алаңдағы 103 шаруашылық).
Мұндай іс-шара меншік иелері мен жер пайдаланушыларды өңдегісі келмейтін учаскелерді өңдеумен айналысуға ынталандырады (бұл норма 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді).
Аудандар мен Ақтөбе қаласының мәслихаттары «Пайданылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге он есе жоғары салықтар ставкаларын қабылдау туралы» шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар өткен кезеңде жалпы алаңы 137,2 мың га 87 ауылшаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Басқарма сондай – ақ коммерциялық нысандар құрылысына берілген жерлердің пайдалануын бақылау жүргізеді. Бүгінгі күні тексеру облыста орналасқан 134 жер пайдаланушыны қамтыды.
2016 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша 166 га алаңдағы 94 шаруашылық субъектісі тексеріліп, жалпы алаңы 77 га жердегі 82 құқық бұзушылық анықталды. Жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған 82 құқық бұзушыға ҚР Жер кодексінің 92, 94-баптарына сәйкес жер учаскесін тиісті мақсатында пайдаланбағаны үшін анықталған бұзушылықтарды жойып, 1 жыл ішінде мақсатты бағыттарына сәйкес пайдалану туралы нұсқамалар берді.
ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес нұсқамалардың орындалуын бақылаушы тексеру 1 жылдан кейін, яғни 2017 жылы жүргізілетін болады, қалған 40 субъект бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлері бойынша бұзушылықтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласында 17,6 мың га алаңдағы 53 жер пайдаланушыда анықталды.
Жерлерді пайдаланбау дерегі бойынша құқық бұзушылар қатарында ауқымды жер учаскелеріне ие келесі субъектілер бар. Олар: «Актобе Центр» ЖШС, аланы 5 га, Батыс-2 шағын ауданыңда, «Актобенефтьепереработка» ЖШС, алаңы 9 га, Жаңа-Әлжан элеватор ауданыңда, «Акцепт контракшн» ЖШС, алаңы 3,72 га, Батыс-2 шағын ауданыңда, «Актобе+» ЖШС, алаңы 1 га, Батыс-2 шағын ауданыңда, «Медицинский центр Медина» ЖШС, алаңы 1,5 га, «Мега Актобе» СО ауданыңда.
Биылғы жылы Басқарма «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық манызды тас жолының бойында кемпингтер мен жанармай құю станцияларын орналастыру үшін берілген жалпы алаңы 10 га жер учаскелерін үзақ уақыт бойы пайдаланбаудың 12 дерегін анықтады. Осы меншік иелері мен жер пайдаланушыларға 1 жылда бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Мысалы: Ырғыз ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық тас жолы бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз-қайта өндеу» ЖШС 1,485 га алаңдағы жанармай құю кешенін салу және жолаушыларға қызмет көрсету үшін алған өзінің жер учаскесін 2013 жылдын ақпан айынан бастап, яғни 3 жылдан аса уақыт бойы пайдаланбаған. Бұзушылар қатарында «Гелиос» ЖШС мен «Sinooil» ЖШС сияқты басқа да ірі компаниялар бар.
Басқарма жер учаскелерін қайта сату деректеріне жол бермеу үшін бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген соң,ҚР Жер заңнамасын бұзуға жол берген 94 пайдаланушыға қатысты материалдарды заңды талаптар қою мақсатында Ақтөбе облысы бойынша әділет Департаментіне жолдады (заңның бұл нормасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді).
Басқарма жерлерге мемлекеттік меншік құқықтарының бұзылуын бақылауды жүргізеді.
Жерлерді өз бетінше басып алу, бұзылған жерлерді қалпына келтірмеу және жерлерді мақсатына сай пайдаланбау деректерін анықтау және жол бермеуді мемлекеттік бақылау барысында 20 шаруашылық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 6522,07 мың теңге құрады, сонын ішінде ҚР ӘҚБт Кодексінің 136-бабына сәйкес жерге мемлекеттік меншік құқығынын бұзғаны үшін (өз бетінше басып алу) 1358,44 га алаңдағы 10 шаруашылық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 5991,8 мың теңге құрады. Жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар тарапынан бұзушылықтар негізінде салған қоршаулары жер учаскесінен шығып кетіп, мемлекеттік меншіктегі жерлер аумағын жабу түрінде көрінді.
Осы бұзушыларға (меншік иелері мен жер пайдаланушыларға) 1 айда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Депутаттар жер заңнамаларын бұзушылықтар, жерлерді өз бетінше басып алу деректері, жерді жақсарту барысында уақытылы және сапалы іс шаралар жүргізуді бақылау жұмыстары, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына, жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк өндіріп алу сомасы мен саны, жосықсыз жер пайдаланушылар тізімі, жер заңдарының талабын сақтамағандар және басқа да сұрақтарды қойды.
Сондай-ақ тұрақты комиссия отырысында «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сұрақ қаралды. Аталған сұрақ бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Байдаулетұлы Аққұл Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы №344 бұйрығының 8-тармағына сәйкес облыстың жергілікті өкілді органымен бекітілген орман пайдалану үшін төлем ставкалары (мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана) кемінде 3 жылда бір реттен кем емес мерзімде қайта қаралады деп түсіндірді. 2013 жылы соңғы рет толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты шешімге сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттігі туындап отыр.
Тұрақты комиссия сұрақтарды талқылау қорытындысы нәтижесінде облыстық мәслихат сессиясында қарауға қаулы қабылдады.


Облыстық мәслихаттың баспасөз хабарламасы

2016 жылғы 1маусымда депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және «НұрОтан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Қалдығұлова Сәния Мұсақызы қатысты.

Күн тәртібіндегі «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 - желтоқсандағы №346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Әдиетқызы Айдашева хабарлама жасады.

Мәселені қарау барысында депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаттарды тиімді игеруге, бюджеттік шығындарды жоспарлауға қатысты және басқа да сұрақтар қойды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар осы мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы қаулы қабылдады.