Баспасөз хабарламасы

1009-2Облыстық мәслихат депутаттары квазимемлекеттік сектордың тиімділігі, инвестициялық жобалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының күн тәртібіне шығарылды.
Қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Унербаев Ақтөбе облысының коммуналдық меншігінде квазимемлекеттік сектордың 373 субъектісі бар екенін еске сала отырып, жыл сайынғы талдау квазимемлекеттік сектордың функционалын, міндеттері мен критерийлерін ажырату, қаржы тәртібін жақсарту, мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, мониторинг пен бағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ корпоративтік басқаруды күшейту қажеттігін көрсетіп отырғанын атап өтті.


Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы баяндай отырып, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Д.Көбенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша облысқа 647 млрд. теңге инвестиция тартылғанын хабарлады.
- 1156 жұмыс орнын құрумен 138,2млрд теңге сомасына 23 инвестициялық жоба іске асырылды, - деп нақтылады ол. - Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 292,7 млрд теңгені құрады.
900-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 125,7 млрд теңгеге 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева депутаттарға Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының (АДБ) іске асырылу барысы туралы баяндады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі