Баспасөз хабарламасы

1009-1Депутаттар қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесін талқылап, шешім қабылдады.
Бұл мәселе облыстық мәслихаттың депутаттары 2021 жылғы 26 тамызда бейсенбі күні "Ашық НҚА" порталында жария талқылау рәсімін аяқтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын алу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетті келісімін алу қажеттілігіне байланысты 2021 жылғы 11 тамызда жасалған облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының жұмысындағы үзілістен кейін қаралды.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың ақпаратын тыңдап, депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен ескертулерін айтып, осы жобаны мақұлдау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, субсидиялауға жататын шығынды маршруттарды анықтаудың дұрыстығы үшін жауапкершілік толығымен Ақтөбе қаласы әкімдігінің тиісті қызметтеріне жүктелетіні атап өтілді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының Баспасөз қызметі