Баспасөз хабарламасы

180821kazДепутаттар Ақтөбелік телекөрермендерге облыс әкімінің есебі қаралған облыстық мәслихат сессиясының қорытындысы туралы айтып, өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Ақтөбеліктермен "РИКА" және "Aqtobe" арналарында өткен Тікелей эфир барысында облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, депутаттар Қайрат Сабыр, Әсел Шункеева диалог түрінде тікелей эфир барысында сөйлесті.
Облыста жыл басынан бері экономикалық өсу қарқынының кезең-кезеңмен қалпына келуі байқалатынын айта келе, Амангелді Нугманов екінші жартыжылдықта атқарушы органдар мен депутаттық корпустың назары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталатынын айтты.


- Облыс әкімі өзінің есептік баяндамасында сыртқы және ішкі инвестициялар ағынын ұлғайту, өңдеуші сектордың өсуі мен дамуы есебінен экономика құрылымын одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажеттігін атап өтті, - деп ол телекөрермендердің назарын аударды.
Тікелей эфир қонақтары өткен жылдың жарты жылында облыстық мәслихат депутаттарының қандай жұмыс атқарғаны туралы жан-жақты айтып берді.
Тікелей эфир барысында телекөрермендер депутаттардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтар қойып, мәслихат депутаттарының қызметі қандай өлшемдер бойынша бағаланатынын түсіндіруді сұрады. Оларға Амангелді Нугманов толық жауап берді. Депутат Қайрат Сабыр сұрақтардың біріне жауап бере отырып, коронавирустық инфекциямен күресу үшін бюджеттен қандай қаражат бөлінетінін және облыста қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, депутат Әсел Шункеева біздің өңірде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі