Баспасөз хабарламасы

060821kazОблыстық мәслихат депутаттары мысықтар мен иттерді серуендету ережелері мен көші-қон процестерін реттеу ережелеріндегі өзгерістер мәселелерін қарады.

Бұл мәселелер әлеуметтік-мәдени даму және аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттардың талқылауына айналды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай депутаттарды мысықтар мен иттерді серуендету ережесіндегі өзгерістерге қатысты жобамен таныстырды.

Ауланған қаңғыбас үй жануарларын (оның ішінде асыл тұқымды) олардың тиістілігі анықталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына жеткізу жоспарлануда.

 

 

- Осы ережелерді әзірлей отырып, біз жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарларға адамгершілік қарым - қатынас қағидаттарына негізделдік, - деп қосты облыстың бас мал дәрігері.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шуиншалиев депутаттарға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы мәселесін қарауды ұсынды. Бұл өңірге, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ұлғайтуға немесе қысқартуға, орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын ұлғайтуға немесе қысқартуға және басқаларға қатысты.

- Бұл өзгерістер мен толықтыруларды облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларына да енгізу қажет, - деді депутаттарға Асланбек Шуиншалиев.

Тұрақты комиссиялардың отырысында басқа да бірқатар мәселелер қаралды. Баяндамашыларды тыңдап, бірқатар сұрақтар қоя отырып, депутаттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі