Баспасөз хабарламасы

060821kazrusОблыстық мәслихат депутаттары бюджеттік жоспарлау, қала жолдарының жағдайы және халық қалаулыларының қызметін бағалау әдістемесі мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері, құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева хабарлағандай, облыстық бюджетті нақтылау жалпы сомасы 2 477 142,7 мың теңгеге жүргізілуде.

 


Баяндамашының айтуынша, бұл қаражатқа Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау, Ақтөбе мен аудандарда тұрғын үй, Спорт объектілерін салу, білім беру объектілерін газдандыру, Денсаулық сақтау, әлеуметтік жобалар және тағы басқалар жоспарлануда. Ақшаның бір бөлігі "Шалқар ауданы Шалқар көлінің түбін тазарту" жобасын түзетуге бағытталады.

 

{gallery}2021/060821{/galllery}

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров тұрақты комиссия мүшелерінің қарауына 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін ұсынды. Сонымен қатар, отырыста облыстық мәслихат депутаттары қызметінің KPI әдістемесін бекіту мәселесі қаралды. Сондай-ақ, отырыста "Ақжол" және "Ауыл"партияларының депутаттық фракцияларын тіркеу мәселесі қаралды.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі