Баспасөз хабарламасы

19072021Құрметті Ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер!

 

Баршаңызды келген ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт мерекесі – жүрекке жылу сыйлайтын, жер жаһандағы адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратын күн. Адамзат баласы бұл күні ғибадаттарын арттырып, құрбандық шалу секілді сауапты істерімен Аллаға жақындай түсуге ұмытылады. Құрбан сөзінің өзі араб тілінен аударғанда «жақындау» деген мағынаны білдіреді.
Жылдан жылға дәстүрлі дініміз қанатын жайып, халқымыздың дені дінге бет бұрып, Құрбан айт мейрамының да маңызы артып келеді. Елімізде осы мерекеге орай демалыс күнінің жариялануы – соның бір дәлелі болып табылады.
Құрметті Отандастар! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей! Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!