Баспасөз хабарламасы

15072021Қаланың тұрғын аудандарының бірінің тұрғындары электр энергиясымен, сумен, жарықпен және газбен байланысты мәселелерді шешуге көмек сұрап облыстық мәслихат хатшысына жүгінді.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугмановтың азаматтарды жеке қабылдауы барысында айтылды.
"Ақжар плюс" тұрғын ауданының тұрғындарының атынан Жомарт Қартбаев пен Нұрғалиев Қалихан бірнеше жылдан бері осы аудан тұрғындарының алдында тұрған мәселелерді шешуге көмек сұрап жүгінді.
- 2012 жылы мен ҚАЛАЛЫҚ СҮТ ЗАВОДЫ (ГМЗ) ауданында саяжай учаскесін сатып алып, сол жерде үй салдым, бірақ бір жылдан кейін қала билігі бұл учаскені босату керек деп мәлімдеді. Бізге "Ақжар плюс" ауданында жаңа учаскелер бөліп берілді, міне, 8 жыл бойы жер учаскелерін алған және үй салған 40-қа жуық отбасы жарықсыз, сусыз және көгілдір отынсыз өмір сүруде. Біз бірнеше рет түрлі инстанцияларға мәселемізді шешу жөнінде өтініш жасадық, қала әкімдеріне, алдымен Мавр Абуллинге, содан кейін қазіргі әкім Асхат Шахаровқа да жүгіндік.
Бірақ біздің жазбаша өтініштеріміз шешілмей, аяқсыз қалды. Тек осы жылы ғана Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров өзінің есептік қорытынды баяндамасын айта келе, ауданымызда электр беру желілерінің құрылысына бюджеттен қаражат бөлінгенін, бірақ әлі күнге дейін ештеңе жасалмағанын атап өтті, - деп бөлісті Жомарт Қартбаев. - Тұрғындардың көпшілігі тұтынылған электр энергиясын ресми түрде төлей отырып, жақын маңда өтетін электр беру желілеріне жеке түрде қосылды, бірақ бұл ретте тиісті құрылымдар апат болған жағдайда электр беру желісіне қызмет көрсетуден және оны жөндеуден бас тартады. Ауданды газдандыру, сумен қамтамасыз ету ісі де жеделдетілсе дейміз, өйткені осы уақытқа дейін қала тұрғындары болып санала отырып, біз өз үйлерімізді отынмен және көмірмен жылытамыз, ал су алу үшін тұрғын үй ауданының шетіндегі жалғыз бағанға барамыз.
Істің мән-жайын мұқият тыңдаған Амангелді Нугманов облыс мәслихаты аппаратының атынан тиісті шаралар қабылдау үшін Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа, облыс әкімінің осы секторға жетекшілік ететін орынбасарына, облыстық энергетика басқармасының басшылығына осы мәселелерді қайта жеткізуді тапсырды.
- Мәселені біз ерекше бақылауға аламыз, ал атқарушы органдар мен осы ауданның тұрғындары арасында өзара іс-қимыл әрекеттерді жүргізуді мәслихат депутатқа және құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сергей Вишнякке тапсырады, - деді кездесуді қорытындылаған Амангелді Нугманов.

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі