Баспасөз хабарламасы

14072021Облыстық мәслихат депутаттары облыстық білім басқармасы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ақшалай қаражатына жүзеге асырып жатқан жобаларын талқылады.

Бұл тақырып облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.
Облыстық білім басқармасының осы бағыттағы жұмысы туралы депутаттарға оның басшысы Жолдас Батырхан баяндады.
Атап айтқанда, ол 2019, 2020, 2021 жылдары Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобаларға 8 миллион теңгеден бөлінгенін хабарлады.
2019 жылы бөлінген қаражатты игеруде қиындықтар туындағанын атап өткен Жолдас Батырхан Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұсынымы негізінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жеңімпазымен Келісімшарт бұзылғанын, ал осыған байланысты бөлінген қаражатты игеруде тиімсіздіктен қайталама конкурс жүзеге асырылмағанын түсіндірді.
- 2020 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы "облыс балаларының құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу" жобасы іске асырылды. Жобаны "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы" ҚБ жеңіп алып, іске асырды", - деп хабарлады Жолдас Батырхан. - Әлеуметтік сауалнама облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында жүргізілді. Осы жылы басқарма 2 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, оған "Қызға қырық үйден тиым" тренинг-кездесулерін, сынып жетекшілеріне арналған тақырыптық семинар-тренингтерді, психологтың көмегіне мұқтаж оқушылармен жеке кездесулер және басқа да іс-шараларды өткізу кіреді.
- Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, - деп қорытындылады облыстық білім басқармасының басшысы.
Сөз сөйлеушілерге бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

 

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі