Баспасөз хабарламасы

12032021Депутаттар ақтөбеліктермен Ақтөбені абаттандыру тақырыбын талқылады.
Қала тұрғындары мен облыстық мәслихат депутаттары Сергей Вишняк пен Асқар Қыстаубаевтың сұхбаты "Рика"арнасында тікелей эфир барысында өтті.
Абаттандыру тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады және халық қалаулылары жолдарды жөндеу, гүлзарлар мен саябақтарды көгалдандыру, аулаларды абаттандыру бойынша істеліп жатқанын әрекеттерді айтып, барлық сұрақтарға толық жауап берді.
"Бұл қала тұрғындарын толғандыратын жиі қойылатын сұрақтар", - деп түсіндірді депутат Сергей Вишняк. - Сайлаушылармен кездесу кезінде маған құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде ондаған ақтөбеліктер осындай мәселелермен жүгінеді. Сондықтан біз бұл эфирді оларға жауап беруге арнадық.
Қала тұрғындарын биылғы жылы аулаларды абаттандыруға ақша бөлу туралы шешім қабылданды, қанша аулалар, гүлзарлар мен саябақтар абаттандырылады, салынып жатқан тұрғын үй алаптарында абаттандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілетіндігі тұрғындарды қызықтырды.

Депутаттар 2021 жылы 9 сквер абаттандырылатынын айтты.
- Қазіргі уақытта Тургенев көшесін (№1 ХҚКО ауданында), ТЖ басқармасының аумағын, тұрғын қалашық ауданындағы саябақты (Алақай театры), Жастар аллеясын (№17 және №39 ОМ арасында) абаттандыру және Нұр-Ақтөбе ауданында гүлзар салу бойынша конкурс жарияланды, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін мердігерлік ұйымдар жұмысқа кіріседі, - деп түсіндірді Сергей Вишняк.
Депутат Асқар Қыстаубаев әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі Қарғалы тұрғын алабында жалпы ауданы 45,5 мың шаршы метр болатын саябақты абаттандыру туралы айтты.
- Сондай-ақ, мұнда шағын ауданның балалардың бос уақытын ұйымдастыру кешені пайда болады. 8-ші шағын аудандағы 8700 ш.м. алаңда жол тастары төселіп, 120 шам, 60 орындық орнатылады. Осыған ұқсас жұмыстар Ә.Молдағұлова даңғылында (Есет батыр көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін), Сулы-жасыл бульварда, қаланың ескі бөлігіндегі гүлзарда жүргізілетін болады,-деп атап өтті.

 

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі