Баспасөз хабарламасы

08072021Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасы жүзеге асырып жатқан жобаларды талқылады.
Басқарманың осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысы туралы осы мемлекеттік мекеменің басшысы Медет Ысқақов егжей-тегжейлі баяндады.
Ол атап айтқанда, бірқатар ұзақ мерзімді жобалар іске асырылып жатқанын хабарлады. Олардың мақсаты – Қазақстанда тұратын этностар өкілдерінің ана тілдерін үйренуіне жағдай жасау.
- Этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер арқылы этнос өкілдері мемлекеттік және кәріс, украин, татар, башқұрт, әзірбайжан тілдерін оқытумен қамтылады, - деді басқарма басшысы. - Басқарма тарапынан этнос өкілдері мен қазақ және этникалық тіл оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетіледі.
Жобаларды орындаушылар қоғамдық этномәдени бірлестіктер болып табылады. Облыста "Атаулар сыр шертеді», «Тіл тазалығын сақтаймыз», акциясы сияқты облыс жастары арасында жобалар жүзеге асырылуда, осы жылдың қыркүйек айында "Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі" тақырыбында осындай форматтағы акция өткізу жоспарлануда.
Облыста мемлекеттік және ана тілдерін оқыту үшін этнос өкілдерінің балаларына арналған жазғы тілдік лагерь ұйымдастырылады. Көптілді лагерьде басқа ұлттардың балалары қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тілдік дағдыларын жетілдіреді, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, азаматтық белсенділікті дамытады. Осы жоба аясында 12-15 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің 60 баласы көптілді жазғы лагерьмен қамтылды. 2019 жылы Алға, Қобда, Мәртөк аудандары бойынша ономастикалық атаулар, сондай-ақ олардың шығу тарихы бойынша ғылыми анықтамалық жарық көрді.
- Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жалғасады, - деді Медет Ысқақов.
Баяндаманы талқылап, бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі