Баспасөз хабарламасы

05072021"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылуымен танысу мақсатында облыстық мәслихат депутаттары Ойыл ауданына кезекті жұмыс сапарымен барды.
Құрамына облыстың қоғамдық кеңесінің өкілдері енген Жұмыс тобының мүшелері облыстық мәслихат хатшысының басшылығымен ауданның ауылдарында болып, көп балалы отбасыларға арналған жол инфрақұрылымы мен тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты. Аудан бойынша сапарға депутаттармен бірге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қатысты.
Нысандарды аралау және аудан тұрғындарымен кездесу барысында депутаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының сапалы орындалуына ықпал ететін мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.
Саралжын ауылдық округінің Бестамақ ауылында қонақтар Бестамақ ауылындағы орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысының барысымен, ал Ойыл ауылында ауыл ішілік жолдардың жөнделуімен танысты.
Мұнда аудан орталығында жаңа спорттық-сауықтыру кешені, 7 спорт секциясы жұмыс істейді, волейболшылардың жастар командасы облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі бірінші орындарға ие болған.
- Жастардың спортпен шұғылданатыны өте жақсы, - деді Амангелді Нугманов. – Өйткені олар-еліміздің болашағы, демек, олардың дені сау және күш-қуатқа толы болу керек.
Жұмыс тобы мүшелері сапасы жағынан қалалық әріптестерінен кем түспейтін бассейнге ерекше назар аударды .
- Қазір ауылдарда жастар мен ауыл тұрғындары үшін жағдай жасалып жатқаны қуантады, - деп пікір білдірді депутат Сұлупан Шынтасова.
Аудан орталығы-Ойыл ауылында екі сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс басына келген депутаттар пәтерлердің жоспарлануына қарап, құрылыста қолданылатын материалдардың сапасын тексерді.
Сол күні депутаттық топ аграрлық колледждің жұмысымен танысып, ауданнан 700-ден астам бала білім алатын балалар музыка мектебінде және аудан орталығының басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарында болды.
Жұмыс сапарының соңында депутаттар аудан белсенділерімен және депутаттарымен кездесу өткізіп, "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының жүзеге асырылу барысын талқылады.

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі