Баспасөз хабарламасы

06072021222Облыстық мәслихат депутаттары Қобда ауданында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылуымен танысты.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов бастаған депутаттық жұмыс тобына Облыстың Қоғамдық кеңесінің өкілдері кірді, аудан бойынша сапарға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева қатысты.
Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарында болып, ауыл тұрғындарымен және аудан белсенділерімен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының сапалы орындалуына ықпал ететін мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.
Әлия ауылында қазір екі пәтерлі тұрғын үйді жалға беру коммуналдық үйінің құрылысы жүріп жатыр және ауылішілік жолдар жөнделуде. Осы ауылға барған депутаттар көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, Әлия Молдағұлова мен Күләш Байсейітова көшелеріндегі жаңа жолдардың құрылысында қандай материалдар пайдаланылатынын сұрады. Мердігерлік ұйымдар үшін шарттардың бірі жол бойындағы тротуарларды міндетті түрде орнату болып табылды және қазіргі таңда "BASPANA BUILD"ЖШС айналысады.
- Өте маңызды шешім, тротуарлар – бұл қалалық және ауылдық жолдардың құрылысының ажырамас бөлігі. Бұл мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу кезінде міндетті пункт болуы тиіс, - деді Амангелді Нугманов.
Талдысай ауылында депутаттар сондай-ақ Абат Байтақ көшесіне асфальт төсеу бойынша жол жұмыстарының қарқынымен танысты.
Аудан орталығында, Қобда ауылында депутаттар аудан белсенділерімен кездесіп, аудан алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерді талқылады, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген жобаларды іске асыру барысы туралы әңгімелесті.
Кездесуден кейін депутаттық топ мүшелері Денсаулық саябағында болып, Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстарының және аудандық өлкетану мұражайының жаңа ғимаратының орындалу сапасын, ауданның мәдениет үйінің жөнделуін тексерді.
Сол күні депутаттар Білтабан ауылында тәулігіне 30 адам қабылдайтын медициналық амбулаторияда болып, Астана көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты және "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында салынған ауылдық клубта болды.

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі