Баспасөз хабарламасы

04072021Темір ауданына жұмыс сапарымен барған облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов бастаған депутаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылу барысымен танысып, медициналық мекемелерде, салынып жатқан тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарында болды.
Ауданымызда депутаттармен, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелерімен және облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева болды.
Нысандарды аралау және аудан тұрғындарымен кездесу барысында депутаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының сапалы орындалуына ықпал ететін мәселелер мен ұсыныстарды талқылады. Депутаттар екі ауылдық округ пен аудан орталығында болып, 10-ға жуық нысанды аралады.
Депутаттық топтың назарында аудан орталығының "Қызылжар" шағын ауданында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысы болды. Депутаттарды құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасы, нысанды тапсыру мерзімі қызықтырды.
- Жыл соңына дейін Кезекте тұрғандардың қоныс тойын тойлауы маңызды, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы мердігерлік ұйым өкілдерімен әңгіме барысында.
Мұнда депутаттар саябақты абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Жұмыс тобының мүшелері барған маңызды мәдени және тарихи нысандардың бірі Досжан Хазрет мешіті болды, ал Темір ауылында олар медициналық амбулаторияның жұмысымен танысты.
Депутаттар "ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында салынып жатқан Кеңқияқ ауылындағы спорт кешенінің құрылыс алаңына барып, ғимарат құрылысының сапасын тексерді.
Депутаттар барған тағы бір спорт кешені Саркөл ауылдық округінің Шұбаршы ауылында салынуда. Мұнда депутаттарға Шұбаршы ауылында 320 орындық жаңа мектеп пен 60 орындық мектеп-интернат құрылысының жобасы ұсынылды.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі