Баспасөз хабарламасы

29062021Депутаттар жастар саясаты және дін істері басқармаларының қызметін талқылады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысының тақырыбы болды.
Депутаттар алдында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алушылар, жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елеусиз Нұрғалиев және облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев есеп берді.
Осылайша, 2020 жылы алғаш рет жас кәсіпкерлер үшін "Өз арманыңа жет!" жобасы іске асырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 32 миллион теңге бөлінді. Алайда, Елеусиз Нұрғалиев хабарлағандай, жобаның 16 жеңімпазына жеңіп алынған гранттардың жалпы сомасының 50 пайызы ғана төленді.
"Бұл бюджет қаражатының толық пайдаланылмауына әкелді", - деп мойындады ол. - Тапсырыс беруші 2020 жылғы желтоқсанда жеткізушіні алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Сот жосықсыз жеткізушіге қалған субсидиялар сомасын бюджетке қайтаруға міндеттеді.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев хабарлағандай, басқарма діни экстремизм мен терроризмнің алдын алумен белсенді айналысады.
Басқармаға бөлінген 94 миллион теңгеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін және түсіндіру жұмыстарын жүргізетін бес жоба іске асырылатын болады. Мысалы, Ақтөбе қаласы мешітінің жанынан "Ару аналар" мектебі ашылды, "Наурыз" мерекесіне орай аз қамтылған 10 отбасыға "азық-түлік пакеттері" түрінде көмек көрсетілді. "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" мерекесіне орай 20 жеміс ағашы отырғызылып, "Ақтөбе - Таза қала" акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Депутаттар баяндамашыларды тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі