Баспасөз хабарламасы

28062021Облыстық мәслихат БАҚ өкілдері мен журналист-депутаттарды құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Облыстық мәслихатта журналисттер күні қалалық және облыстық телеарналардың, облыстық газеттердің қызметкерлерін және БАҚ-та жұмыс істейтін облыстық мәслихат депутаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов шақырылған мереке иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бүгінде БАҚ-тар азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде билік пен қоғам арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынын атап өтті.
- Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы ықпалды тетік екенін және "Қазақстан - Ақтөбе", "РИКА ТВ" телеарналары, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Ақтөбе", "Актюбинский вестник", "Эврика" газеттері-біздің өңірдің рухани шамшырағы, өмір айнасы екенін бәріміз білеміз, деп бірнеше рет атап өткен болатын. Өңірде болып жатқан саяси және мерекелік іс-шаралар, игі істер бірден эфирде және газеттерде көрсетілетініне ерекше назар аударылады. Біздің өңірдің журналистері қоғам алдындағы маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Сіздер арқылы Ақтөбе тұрғындары ең соңғы жаңалықтар мен қажетті ақпаратты алатын болады. Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың даму қарқынын көрсететін журналистер әрқашан құрметке лайық.

Сіздердің мамандығыңыздың ерекшелігі – мақсатқа жетуге ұмтылу, шынайы адами жағдайға және болып жатқан жағдайға бей - жай қарамау, - деп атап өтті Амангелді Нугманов.
Марапатталғандардың төртеуі – облыстық "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің журналистері. "Актюбинский вестник" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшілері Алиса Маринец пен Санат Қалиев Ақтөбе облысы мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыстық мәслихаттың атынан алғыс хаттармен облыстық "Актюбинский вестник" қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Владимир Бурьянов және облыстық "Ақтөбе" газетінің тілшісі Ақбота Қалдыбек марапатталды.
Айта кетейік, облыстық мәслихат хатшысы үш тілшіге, облыстық мәслихат депутаттары Алмагүл Бекеноваға, Бақтықан Жаншаева мен Баянды Сәрсембинаға облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарын тапсырды.

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі