Баспасөз хабарламасы

2506202122Депутаттар облыстағы Тұщы су қорына қатысты мәселелерді талқылады. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында "Көкжиде" құмды алқабының аумағында жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін бақылау туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Асхат Көбенов пен экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл айтып берді. Олардың біріншісі жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің Көкжиде нысандарына әсерін зерттеу мақсатында 2020 жылы ведомствоаралық комиссия құрылғанын хабарлады. Облыс прокуратурасы келісімшарттық аумақтарды Республикалық маңызы бар "Көкжиде" объектісінен алып тастау қажеттілігі тұрғысынан нық тұр. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы да осындай ұстанымды ұстанады. Бүгінгі таңда бұл мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр және орталық атқарушы органдардың: Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қарауында жатыр. Сонымен қатар, "Көкжиде" нысанын сақтау мәселесін жұртшылық белсенді түрде көтеруде. Сондай-ақ, Қытай мұнай компаниялары Көкжидеден ҚХР-ға құбыр арқылы тұщы суды сорып жатыр деген қауесет қызу талқылануда. Асхат Көбенов бұл қауесеттердің шындыққа жанаспайтынына сендірді. 

 Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл Көкжиде құм алабының айналасында көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіруді "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "КМК Мұнай" АҚ, "Өріктау Оперейтинг" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, "Фирма Ада Ойл" ЖШС мұнай компаниялары жүргізетінін және жер асты суларында мұнай өнімдерімен ластану деңгейінің айтарлықтай асып кету фактілері анықталмағанын хабарлады. - Көкжиде кен орнының жерасты суларының мониторингі әртүрлі ұйымдармен жүргізіледі, кен орнының ластануы туралы бірыңғай, сенімді ақпарат жоқ. Өткен жылдың соңында республикалық ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, онда кен орны аумағында жұмыс жүргізетін компаниялардың бақылау ұңғымаларына мониторинг жүргізілді. Жер асты суларының ластануы анықталған жоқ, - деді ол. Депутаттар баяндамаларды тыңдап, талқылап, сөз сөйлеушілерге бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының

баспасөз қызметі