Баспасөз хабарламасы

2106202111Облыстық мәслихатта автомобиль жолдарының жай-күйі талқыланып, оларды күтіп ұстау мәселелері қаралды.
Бұл мәселелерді депутаттар құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы кезінде қарады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайер облыстағы жалпы қолданыстағы автожолдардың ұзындығы 6 831,5 шақырымды құрайтынын еске салып, 2020 жылы оларды дамытуға 32,8 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады.
- Бұл қаражатқа 606 шақырым автожол жөнделді, нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 3 мың шақырымнан асты, - деп хабарлады ол.
2021 жылы 21,3 миллиард теңге сомасына 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бөлінген қаражат есебінен жергілікті маңызы бар 464,8 км автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда. Ұзындығы 214 км "Ақтөбе-Атырау - РФ (Астраханьға)", "Қандағаш–Мақат" автожолының учаскесін толық пайдалануға беру жоспарлануда. Ұзындығы 89 км "Ақтөбе-Қандыағаш" учаскесін қайта жаңарту басталды, жобаның жалпы құны 62,5 млрд.теңге.

21062021222210620213636
2021 жылы облыстық жолдар бойынша "Ақтөбе – Орск" автомобиль жолын қайта жаңартуды, "Қобда-Мәртөк" автожолын күрделі жөндеуді, "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк" автожолын орташа жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты жасалған шарттар шеңберінде 488 шығу жүзеге асырылды, 112 бұзушылық анықталды (оның 42-сі әлі жойылған жоқ), жол-құрылыс материалдарының 2 008 сынамасы іріктеп алынды және сыналды (оның 356-сы нормаларға сәйкес келмейді).
Бұдан әрі, депутаттарды республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен оларды жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шаралар туралы "ҚазАвтоЖол"ҰК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов пен "Қазақавтожол" ЖШС бас инженері Марат Тіленбаев хабардар етті.
Сөз сөйлеушілерге бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі