Баспасөз хабарламасы

08062021rusОблыстың белгілі қайраткері Әкімгерей Сергалинді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Еңбек ардагерін салтанатты құттықтау облыстық Әдеп жөніндегі Кеңестің барлық мүшелерінің және облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен өтті. Облыстық мәслихат хатшысы мерейтой иесін құттықтап, туған күн иесіне облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин атынан құттықтау хат пен сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат атынан Ақтөбе облысының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық кәсібилігі, мемлекеттік қызмет саласындағы құзыретті басшылығы, өңіріміздің өзекті әлеуметтік мәселелерін шешудегі қажырлы және белсенді еңбегі және халық депутаттары аудандық Кеңесінің жұмысындағы ерекше еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Еңбек ардагерін Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері де құттықтады.
1951 жылы Алға қаласында дүниеге келген Әкімгерей Сергалин даңқты еңбек жолынан өтті. Орал педагогикалық және ауылшаруашылық институтын бітірген ардагер химия пәнінің мұғалімі және агроном болып жұмыс істеді, 1995 жылдары Алға ауданының "Коммунист" колхозын басқарды. Әкімгерей Сергалин бес жыл бойы ауданды жаңа шыңдарға шығаруда аянбай тер төкті. Ұзақ уақыт бойы ардагер Ақтөбе облысы, соңыра Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері басқармасы мен департаментінің басшысы, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, Әкімгерей Бексұлтанұлы «Ерен еңбегі» үшін медальмен және «үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

 

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі