Баспасөз хабарламасы

0608202111111"Рика" арнасында өткен кезекті тікелей эфирде облыстық мәслихат депутаттары Гүлжанат Ерғазина, Асқар Садықов және облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Фархад Сансызбай қатысты.
Бұл жолы ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды. Депутаттар облыста осы салада қалыптасқан жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып, телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Ақтөбе мен облыс тұрғындарын субсидиялар, шаруа қожалықтары, фермерлер жеңілдетілген несие алу үшін пайдалана алатын Мемлекеттік бағдарламалар мәселелері қызықтырды. Бұдан басқа, тікелей эфирде аграрлық секторды цифрландыру туралы сұрақтар және ауыл өндірісінің неғұрлым тиімді технологиялары туралы айту туралы өтініштер айтылды.


- Эфир өте қанық өтті, ақтөбеліктерді ауыл шаруашылығы мәселелері қатты қызықтыратыны қуантады. Жасыратыны жоқ, экономиканың бұл секторы жылдам қарқынмен дамып келеді және мемлекет оған мұқият назар аударып, сүт және мал шаруашылығы бағытында түрлі субсидиялау, жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын жасайды - деп бөлісті эфирден кейін облыстық мәслихаттың депутаты, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің "ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ АФ директоры Гүлжанат Ерғазина.

 

 

 

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі