Баспасөз хабарламасы

mus1703kazОблыстық мұражайда "Алтын адам» атты ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп, "Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты"атты дөңгелек үстел өткізілді.
Еске сала кетейік, сармат дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіші (Алтын адам) 2019 жылы Темір ауданы Тасқопа-I қорымының элиталық қорғанынан табылған болатын. Археологиялық зерттеулер "Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы"аймақтық ғылыми бағдарламасы аясында жүргізілді. Олжаны кешенді зерттеумен Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев бастаған белгілі қазақстандық ғалымдар айналысты.


Архелогиялық ескерткішті қалпына келтіру үшін Ресей Ғылым Академиясының материалдық мәдениет институтының маманы Николай Курганов шақырылды. Жерлеу материалдары негізінде тарихи ескерткіштің көшірмесін қайта құру және құрастыру тікелей Ақтөбеде және жергілікті қолөнершілердің көмегімен жүргізілді.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев, белгілі тарихшылар, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жұртшылық өкілдері қатысты. Олар "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылады.
Облыс әкімі өңірде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтіп, архелогиялық ескерткішті қалпына келтіру бойынша атқарған орасан зор жұмысы үшін Бауыржан Байтанаевқа және Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ұжымына ерекше алғыс білдірді.
Айта кетейік, биыл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 165 іс-шараның облыстық жоспары бекітілді. Соның ішінде, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Тәуелсіздікке тағзым", "Ақтөбе-алтын бесігім!", "30 жыл – 30 Нақты Іс", "30 игі іс", "30 жетістік", "30 жаңа есім"жобалары іске асырылды. Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы аясында "Жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі" жобасы аясында "Тары" фестивалі аясында "Азаттықтың ақ таңы" тарихи кешенінің ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға арналған "Асыл қазына" арнайы тележобасы шығарылады.
Дөңгелек үстел барысында өлкеге белгілі тарихшылар өз ұсыныстарын айтты. Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі Оңдасын Оразалин "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы жұмыстар өңірде жалғасын табатынына сенім білдірді.