Баспасөз хабарламасы

par1703ruskaz2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті.
Оған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, Сенат депутаттары, облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және аудандық мәслихаттардың хатшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Кеңес отырысында Ақтөбе облысын облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғыманов таныстырды


Мәулен Әшімбаев өзінің кіріспе сөзінде отырысқа қатысушыларға Мемлекет басшысының Жаңғырту күн тәртібін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер туралы айтып берді.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өз баяндамасында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі тәсілдері мәселелерін қозғады.
Отырыста сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли БЕКТАЕВ сөз сөйледі.
Мәслихаттар қызметіндегі негізгі ақпараттық-ұйымдастырушылық мәселелер туралы Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев баяндама оқыды және отырысқа қатысқан облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары сөз сөйледі.
Мәулен Әшімбаев жиынды қорытындылады.