Баспасөз хабарламасы

am0103kazОблыстық мәслихаттың жаңа 7-шақырылымының депутаттары «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында болып, журналистермен кездесті.

Депутаттар тобы «Ақтөбе Медиа» ЖШС-де медиахолдингтің жұмысымен танысып, музей экспонаттарын аралап, журналистер ұжымымен кездесіп, заң шығару органы мен БАҚ-тың ортақ жұмысын талқылады.

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, депутаттар Сұлупан Шынтасова, Алтынбек Әмірғалиев, Асқар Садықов және Евгений Лазарчук облыстың бас баспаларында қонақта болды.


Медиахолдинг директоры Раукен Отыншин қонақтарға музей экспонаттарын көрсетіп, ескі газеттердің тарихына шолу жасады. Депутаттар тобы тілшілердің кабинеттерінде, дизайн және орналастыру бөлімдерінде болып, басылым органдарының «асханасымен» танысты.
Медиахолдингтің конференц-залында газет ұжымымен өткен кездесу барысында мәслихат хатшысы жылы лебізін білдіріп, журналистерді Алғыс айту күнімен құттықтады.
Амангелді Нугманов:
-Сіздердің газеттеріңіз өңірдің маңызды хабарларын ғана емес, мемлекеттік органдардың жасаған жұмысын көрсетеді, ал депутаттар өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы үшін және облыстың өзекті мәселелерін шешу үшін өңірдің бюджетіне енгізілетін өзгерістерді талқылап, шешімдер қабылдайды. Сондықтан қазіргі таңда БАҚ пен депутаттардың ортақ жұмыс жасауы өте маңызды екендігін атап өтті.

Депутаттар айтылған ұсыныстарды құптап, медиа-орталықтың ұжымына жылы тілектерін айтты.
«Ақтөбе Медиа» ЖШС басшысы Раукен Отыншин қонақтарға сапарлары үшін рахмет айтып, депутаттардың ұсынысын қолдап, «Ақтөбе Медиа» төсбелгілерімен марапаттап, медиахолдингтің жаңа газеттері мен журналдарын сыйлады.