Баспасөз хабарламасы

1702kaz2021 жылғы 17 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, онда депутаттар облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бірқатар мәселелерді қарады. Осы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева баяндама жасады.
Жалпы сомасы 18 091 333,1 мың теңгені нақтылау негізінен жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары, әкімшілік айыппұлдарды, әлеуметтік салықты, жеке табыс салығын, ішкі резервтерді (бюджеттік инвестициялық бағдарламалар) ұлғайту есебінен жүргізіледі.

 


Атап айтқанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігін кеңейту мақсатында облыс аудандарында мектептер салуға, ауыл шаруашылығы нысандарының сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін және «Ауыл шаруашылығы нысандарын дамыту» бағдарламасын іске асыру үшін қаражат бөлу ұсынылады. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы» бойынша, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау нысандарын дамытуға, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында тұрғын үй салуға және т.б.қаражат бөлу жоспарлануда.
Отырыс барысында облыстық мәслихат хатшысы А.Ш.Нугманов депутаттарды облыстық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен, облыстық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат кестесімен таныстырды, сондай-ақ, мәслихат қызметін қамтамасыз ету шығындары, қызметтік автокөліктердің лимиті, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы күн тәртібі және сессия төрағасының кандидатурасы туралы айтты.
Кәсіпкерлік басқармасы басшысының м.а. А.А.Көкеев облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы №395 «Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
Мәселелерді талқылау барысында депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

баспасөз қызметі