Баспасөз хабарламасы

160221kaz21 жылғы 16 ақпанда облыстық мәслихатта Қоғамдық кеңес Төралқасының отырысы өтті.
Отырыста облыстық мәслихаттан Қоғамдық кеңес мүшесі С.М.Қалдығұлованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Қоғамдық кеңестің құрамына облыстық мәслихаттың хатшысы А.Ш.Нугмановты енгізу туралы мәселелер қаралды. Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің кейбір мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Ә.Баймағамбетовтың өз еркімен кету туралы ұсынған арызын қарады.
Облыстық мәслихат хатшысы А.Ш.Нугманов отырысқа қатысушыларға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті деңгейде қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мәслихаттың хатшысы Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына кіретіндігін хабардар етті.
Осыған байланысты, ашық дауыс беру арқылы төралқа мүшелері құрамын талқылап, құптады.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес төрағасының атына Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының мүшесі Құдайберген Бекеновтің, «Бақыт бастауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақтықан Жаншаеваның, «Ақтөбе облысының дәрігерлер және провизорлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қайрат Сабырдың, «Ақжол» ҚДП облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықовтың және «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Талғат Хамитовтың өз еріктері бойынша Қоғамдық кеңес құрамынан шығу туралы жазбаша өтініштері келіп түсті.
Қоғамдық кеңестің осы мүшелері ағымдағы жылдың қаңтарында облыстық мәслихаттың депутаттары болып сайланды. Осыған байланысты, өкілеттіктердің аражігін ажырату және қызметтердің қайталануын болдырмау мақсатында Төралқа мүшелері осы адамдарды Қоғамдық кеңестің құрамынан шығаруға оң дауыс берді.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төралқасының атына қоғамдық кеңес төрағасы Б.Ә.Баймағамбетовтың өз еркі бойынша кеңес құрамынан шығу туралы жазбаша өтініші келіп түсті, ол Төралқа мүшелерінің шешімі бойынша қанағаттандырылды.
Қоғамдық кеңес төралқасының отырысында қаралған барлық мәселелер 2021 жылғы 24 ақпанда өтетін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін болады.
Сессиядан кейін Қоғамдық кеңестің ұйымдастыру отырысын өткізу жоспарланып отыр, онда Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы жұмыс істеп жүрген мүшелерінің арасынан сайланады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының

баспасөз қызметі