Ақтөбе облыстық мәслихатында комиссияларының отырыстары өтті

2901-12021 жылдың 27 қаңтарында Ақтөбе облыстық мәслихатында, депутат Шинтасова Сұлұпан Панақызы төрағалық еткен «Бюджет, экономика, өндіріс және кәсіпкерлік комиссиясының» және депутат Есеркепов Амангелді Қабашұлының төрағалығымен «Әлеуметтік – мәдени даму бойынша комиссиясының» отырыстары өтті.
Отырыс барысында өңірдің экономикалық жағдайы,оның әлеуметтік-мәдени дамуы, облыстағы өндіріс пен кәсіпкерліктің жағдайы, оны дамытуға бағытталып жатқан жоспарлар мен шаралар қатары қаралды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері тарапынан аталған бағыттар бойынша түрлі ұсыныстар айтылып, көрсетілген мәселелерді шешу жолдары мен қоса өңірдің оңды қырларын дамыту тәсілдері қарастырылды.
Жоғарыда аталған тұрақты комиссия жұмыстарына облыстық мәслихат хатшысы Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы өз ойын ортаға салып, пікірімен бөлісті.