Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы туралы баспасөз хабарламасы

1session-kazОблыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 11.30-да өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыстық мәслихаттың VI шақырылымының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар облыстық департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында мынадай мәселелер қаралды: «Облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы» облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Н.Күнбаеваның хабарламасы, сессия төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды, облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиялары құрылып және олардың төрағалары бекітілді.


Күн тәртібін қарау барысында, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Н.Күнбаева, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандардың мәслихаттарының депутаттарын сайлау туралы қатысушыларды хабардар етті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелерді қарау барысында, облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Такталифум Сәдуұлы Есенғұлов сайланды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы болып ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан депутат – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов сайланды.
Облыстық мәслихаттың 5 тұрақты комиссиялары құрылды.
Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Сұлупан Панақызы Шынтасова сайланды.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Амангелді Қабашұлы Есіркепов сайланды.
Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат -Асхат Абдрахманұлы Айтжанов сайланды.
Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып «Ауыл» партиясынан депутат – Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазина сайланды.
Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Сергей Викторович Вишняк сайланды.
Сонымен қатар облыстық мәслихатта «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.
Сессияның қорытындысында облыс әкімі О.С.Оразалин сөз сөйледі.