Ақпарат

3012kaz2020 жылғы 30 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатында облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлованың төрағалығымен облыстық мәслихат депутаттарының Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары М.С.Жұмағазиев және Б.Н.Қаниевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2020 жылғы қызметі, қаралған заң жобалары туралы хабардар етті.
Кездесу соңында облыстық мәслихаттың бірқатар депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Кездесу соңы естелік фотоға түсумен аяқталды.