Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХХVII сессиясының баспасөз-хабарламасы

47sess2020 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясының жалпы отырысы №11 Абай сайлау округінен депутат Айтжанов Асхат Абдрахманұлының төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Сессияға облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерінің бірі «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет 845,1 млрд. теңгені құрайтынын баяндады. Оның ішінде 2021 жылға-335,6 млрд.теңге, 2022 жылға-254,2 млрд. теңге, 2023 жылға-255,3 млрд. теңге.
2021 жылы кірістер - 335,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
- салықтық және салықтық емес түсімдер - 47,6 млрд. теңге;
- трансферттер түсімі - 276,7 млрд. теңге;
- Қарыздар түсімі - 3 млрд. теңге;
- бюджеттік кредиттерді өтеу - 8,3 млрд.теңге.
2021 жылы шығыстар - 335,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
- әлеуметтік салаға 179,4 млрд. теңге немесе барлық шығындардың 53,5% қарастырылған;
- экономиканың нақты секторына 75,9 млрд. теңге немесе шығындардың 22,6% - дан астамы қарастырылған;
- жалпы мемлекеттік шығыстарға 8,3 млрд. теңге қарастырылған;
- қорғаныс және құқық қорғау органдарына 10,2 млрд. теңге қарастырылған;
- трансферттер 50,5 млрд. теңгеден астам соманы құрайды;
- бюджеттік кредиттер және қарыздарды өтеу 11,3 млрд.теңгені құрайды.

Білім беру саласын дамытуға шамамен 142,4 млрд.теңге қарастырылған, оның 34,4 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, сондай-ақ аудандар мен Ақтөбе қаласынан кері трансферттер 64,6 млрд. теңгені құрайды.

Облыс азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмек көрсетуге 10,3 млрд.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 3,2 млрд. теңге қарастырылған.

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға 7,5 млрд. теңге, оның 6,8 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 5,9 млрд. теңге, оның 3,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.

Мәдениетті дамытуға 2,9 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде облыстық бюджеттен-2,2 млрд. теңге.

Кәсіпкерлікті дамытуға 5,6 млрд. теңге, оның 2,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.

Ауыл шаруашылығын, ветеринарияны және табиғи ресурстарды дамытуға 20,5 млрд. теңге, оның 15,4 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.

Болжамды деректер бойынша 2021-2025 жылдары ІӨӨ (ішкі өңірлік өнім) өсімі 1,7% деңгейінде күтілуде. ІӨӨ көлемі 2020 жылы 2878,8 млрд.теңгені құрайды., 2021 жылы – 3055,3 млрд. тг., 2022 жылы-3209,4 млрд. тг. 2023 жылы-3381 млрд. тг, 2024 жылы-3572,6 млрд.тг., 2025 ж. - 3785,9 млрд. тг.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары - Апуажан Төлегеноваға сөз берілді. Оның айтуынша, бүгінде негізгі реформа өңірлерді дамыту шеңберінде жүзеге асырылуда, ауылдық елді мекендерді қолдау жөніндегі бағдарламалар қабылдануда, жаңа жұмыс орындары құрылуда, әлеуметтік мәселелер шешілуде.
Бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар басшыларының назарын бюджет қаражатын бақылау, тиімді жоспарлау және пайдалану мәселелеріне аудару қажет.
Жалпы отырыста талқылау барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Олардың ішінде - ауылдық елді мекендердегі азаматтарымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, кадрлар даярлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері және т.б.
Депутаттар бюджеттің шығыс бөлігіне түзетулер енгізді. Белгілі бір нәтижеге жетуді көздемейтін негізсіз шығындар біздің азаматтарымыздың шұғыл шешуді қажет ететін қажеттіліктеріне қайта бөлінеді. Енді негізгі міндет - осы бөлінген барлық қаражаттардың, өз уақытында, тиімді жұмсалуы.

«Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша Г.Р. Сүйінтаева облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Нақтылау барлығы 8 млрд. теңгеге жүргізіледі, 600млн.теңге мемлекеттік сатып алу қорытыңдысы бойынша үнемдеу, өнім берушілердін міндеттемелерін орындамау және игерілмеу қауыпы бар қаражаттарды қайта бөлу 755,2 млн.теңге.
Ақша қаражаты: ауыл шаруашылығы басқармасына - 600млн. теңге, білім басқармасына - 15,4 млн. теңге, ветеринария басқармасына – 7,8 млн. теңге және т.б. бағытталатын болады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашов хабарлама жасады. Депутаттар Ақтөбе облысының 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы мәселені қарады.
2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік мәні бар облысішілік автомобиль қатынастар тізбесі: Ақтөбе – Маржанбұлақ, Ақтөбе – Алға, Ақтөбе –Комсомол, Ақтөбе –Байғанин, Ақтөбе – Ырғыз, Ақтөбе – Қобда, Ақтөбе – Сарыжар, Ақтөбе – Родниковка, Ақтөбе – Мәртөк, Ақтөбе–Хромтау.
Сессияда «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе қаралды. Облыстың экономикалық, денсаулық, әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы мыналарға беру туралы шешім қабылданды. Олар: Әйтімов Марат - мәдениет саласының қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының солисті, Асылханов Жайлаубай - мәдениет саласының қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әртісі, Әлішев Қуандық Зинешұлы - еңбек ардагері, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ АОФ мүшесі, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор, Кенжебаев Кенжеғали - Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Қазақстанның ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі .

Сондай-ақ, сессияда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері қаралып, МЖӘ жобаларына өзгерістер енгізіліп, міндеттемелер қабылданды және облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілд сонымен қатар басқа да мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясында жалпы 23 мәселе қаралды, барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.