Баспасөз хабарламасы

1811Бүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Қанапияұлы Исаев хабарлама жасады.
Денсаулық сақтау басқармасының шығыстарына 12 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 3 жылға 13 520 404,5 мың теңге қарастырылған, оның ішінде жылдар бойынша:

 

2021 жылы -4 841 683,8 мың теңге;
2022 жылы -4 593804,5 мың теңге;
2023 жылы -4 084916,2 мың теңге.
Оның ішінде:
1) «Ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 509 031,0 мың теңге көзделеді, оның ішінде:
2021 жылы – 164 677,0 мың теңге;
2022 жылы -169 008,0 мың теңге;
2023 жылы - 169 008,0 мың теңге.
2) «Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 131 253,0 мың теңге шығыстар қарастырылған, оның ішінде::
2021 жылы-43 751,0 мың теңге;
2022 жылы-43 751,0 мың теңге;
2023 жылы-43 751,0 мың теңге.
3) «Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 225 000,0 мың теңге шығыстар көзделеді, оның ішінде:
2021 жылы - 75 000,0 мың теңге;
2022 жылы - 75 000,0 мың теңге
2023 жылы - 75 000,0 мың теңге.
4)«Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 380 440,0 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша шығыстар көзделеді:
2021 жылы -171 378,0 мың теңге;
2022 жылы-104 531,0 мың теңге;
2023 жылы-104 531,0 мың теңге.
5)«Облыстық арнайы медициналық база» жалпы соммасы187 632,0 мың теңгеге шығындарын қарастырады, соның ішінде:
2020жылға – 62544,0 мың теңге;
2021 жылға – 62544,0 мың теңге;
2022 жылға – 62544,0 мың теңге.
6) Вакцина сатып алуға:
2021 жылға жоспарланған сома тұмауға қарсы вакцинаның 53000 дозасын және "А" вирустық гепатитіне қарсы 3704 дозаны сатып алу үшін жеткіліксіз болғандықтан, вакциналардың 2 түрін (тұмауға қарсы және "А"вирустық гепатитіне қарсы) сатып алу үшін қосымша 65,1 млн.теңге талап етіледі.

Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, аталған басқармалардың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.