Баспасөз хабарламасы

1711Бүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасымен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің хабарламалары тындалды:
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Е.Ибрашов хабарлама жасады.

 

 

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6 856,6км құрайды, оның ішінде:
- 1 894,0км республикалық;
- 1 262,8км облыстық;
- 3 699,8км аудандық маңызы бар жолдар.
Соңғы үш жылда Басқарма бойынша негізгі көрсеткіштер төмендегіні құрады:

 

Қаржы жылы

Қаржыландыру көлемі, млрд.теңге

Салынды/қайта жаңартылды және жөнделді, км

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі, %

2018

16,2

261,9

53

2019

19,7

347,1

56

2020

40,4

507,7

59

 

2020жылға және 2021 жылға арналған даму бюджеті бойынша шығыстар көлемі мынадай:

 

2020 жыл

2021 жыл

Қаржыландыру (РБ+ЖБ), млрд. теңге

(ЖҚЖК ескере отырып)

Салынды/қайта жаңартылды, км

Қаржыландыру (РБ+ЖБ), млрд теңге

Салынады/қайта жаңартылады, км

13,1

52,4

3,8

14,3

 

Депутаттар сондай-ақ Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембайдың ақпаратын тындады.
2021 -2023 жылдарға облыстың қажеттілігін ескере отырып, барлығы 23 936 073,0 мың теңге келесі бағыттар мен бағдарламаларға жоспарланды, оның ішінде:

2021 жылға - 7 978 056,0 мың теңге;
2022 жылға - 7 978 977,0 мың теңге;
2023 жылға - 7 979 040,0 мың теңге:
1) ЕГІНШІЛІК САЛАСЫН СУБСИДИЯЛАУ:
а) «Тұқым шаруашылығын қолдау»жалпы сомасы 1 440 000,0 мың теңгені құрайтын шығыстар, оның ішінде жылдар бойынша:
2021 жылы – 480 000,0 мың теңге;
2022 жылы – 480 000,0 мың теңге;
2023 жылы – 480 000,0 мың теңге.
б) «Cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» шығындар жалпы 1 356 639,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
2021 жылы - 452 213 мың теңге;
2022 жылы - 452 213 мың теңге;
2023 жылы - 452 213 мың теңге.
с) «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» жалпы сомасы 971 172,0 мың теңге шығындар қарастырылған, оның ішінде:
2021 жылы - 323 724 мың теңге;
2022 жылы - 323 724 мың теңге;
2023 жылы - 323 724 мың теңге.
2) МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУБСИДИЯЛАУ:
а) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» жалпы сомасы 17 856 177,0 мың теңге шығындар қарастырылған, оның ішінде:
2021 жылы - 5 952 059 мың теңге;
2022 жылы - 5 952 059 мың теңге;
2023 жылы - 5 952 059 мың теңге.
3) ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫН СУБСИДИЯЛАУ:
а) «Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау» жалпы сомасы 358 425,0 мың теңге шығындар қарастырылған, оның ішінде:
2021 жылы - 119 475 мың теңге;
2022 жылы - 119 475 мың теңге;
2023 жылы - 119 475 мың теңге.

4) НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАРАЖАТТАР :
а) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру»898 800,0 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған.
2021 жылы - 299 600 мың теңге;
2022 жылы - 299 600 мың теңге;
2023 жылы - 299 600 мың теңге.

б) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» - 3 400 000,0 мың теңге (лимитке сәйкес 5 952 059,0 мыңтеңге сұралды).
с) «Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау» - 217 710,0мың теңге.

Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, аталған басқармалардың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді