Баспасөз хабарламасы

051120kazБүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасымен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің хабарламалары тындалды:
1. А.Ю.Юнисова мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.
2. С.С.Мұқанов жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
3. С.Е.Аманбаев еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, аталған басқармалардың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.