Баспасөз хабарламасы

2310kaz2020 жылғы 22 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы», облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тлеумұратов хабарлама жасады.

БЖК-2025 бағдарламасы кәсіпкерлік субъектілері арасында сұранысқа ие, қолда бар құралдар кредиттердің нарықтық мөлшерлемесін арзандату, банктердегі кепілдіктерді қамтамасыз ету, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және т. б. бойынша мүмкіндіктерді ашады. Нәтижесінде, облыс экономикасы үшін көптеген табысты және тиімділігі жоғары жобалар іске асырылуда. Мысалы: индустриялық аймақтағы жобалар-Зерде-Керамика ЖШС, Вега-Жиһаз ЖШС, Интерстиль, СтройбетонСнаб ЖШС, ТКФарм ЖШС, Актеп ЖШС, Айс ЖШС, Милкер ЖШС, АгрофирмаТау ЖШС, РОКОС компаниялар тобы, ИБИС қонақ үйі, жол бойындағы кемпингтер және т. б.
«БЖК-2025» бағдарламасын іске асырудың он жылында 29,3 млрд.теңге сомасына 2,6 мыңнан астам ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылармен 1,2 трлн.тг. өнім шығарылды, 9 мың жұмыс орны құрылып, 32,3 мың жұмыс орны сақталды, 79,8 млрд.теңге салық төленді.
Екінші мәселе бойынша депутаттар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы», облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Дүйсенбаеваның ақпараты тындалды.
«Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу қажетті медициналық көмекті уақтылы алатын пациенттерді қамтуды ұлғайту үшін онкогематологиялық бейіндегі 36 төсек-орын құру қажеттілігімен негізделген. Корпус сол жерде ауруларды диагностикалауға және қажетті емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді және отоларингологияның 16 төсегі, гастроэнтерологияның 20 төсегі, ревматология мен Эндокринологияның 28 төсегі және пульмонологияның 28 төсегі, онкогематологияның 36 төсегі жұмысын қамтамасыз етеді. Депутаттар Д.А.Довматенко, А.А.Садықов, А.Т.Оралмағанбетов, А.А.Айтжанов, К.Кенжебаев, А.Тулегенова аталған мәселелерді қарауға белсене қатысып, өз ескертпелерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.