Баспасөз хабарламасы

091020ruskaz2020 жылғы 8 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақтөбе фермер орталығы» қоғамдық қозғалысының өкілдері және облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасарлары Р.Г.Хамбаров және М.Шермағанбет қатысты.


Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11- желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р. Сүйінтаеваның және облыстық бюджетті нақтылауға ұсынылатын шығыстар тізбесін ұсынған бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттары тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша депутаттар Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11- желтоқсандағы №361 «2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумақтық дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаеваның ақпараты тындалды. Ол Ақтөбе облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндады. (бұдан әрі-АДБ).
АДБ 3 негізгі бағыт, 17 мақсат және 45 индикатордан құралады. 45 индикатордың 40-ы - ҚР ҰЭМ бекітетін көрсеткіштердің базалық тізбесінің индикаторлары, 5-еуі - мониторингті талап ететін салалар бойынша қосымша индикаторлар.

0910coll

Сондай - ақ, комиссия отырысында «Ақтөбе қаласында бюджет саласының қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлі шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасы бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу» және «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» балалар стационарлық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» мәселелер қаралды.

Комиссия отырысында аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өзекті сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Аталған мәселе 2020 жылдың 15 қазанында өтетін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралады.