Баспасөз хабарламасы

140920kaz2020 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысы туралы» Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы - А.Д. Төлешев хабарлама жасады. Өз баяндамасында ол берілген бағыттағы жедел жағдайды нақты белгілеп, су тасқынына қарсы іс-шараларға тоқталды. Сондай-ақ, өрт сөндіру бекеттерін құру және жетілдіру бойынша кезең-кезеңмен жоспарды іске асыру бағдарламасын атап өтті.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке тоқталып, жылыту маусымына дайындық кезеңінде халықтың қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударды. Шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігі бойынша қабылданып жатқан шаралар және қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыстар айтылды. Сондай - ақ ,материалдық-техникалық жабдықтау, Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселелері айтылды.

Мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.