Баспасөз хабарламасы

260820kaz2020 жылғы 26 тамызда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыс жұмысына тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы.
2. Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалының жай-күйі және даму перспективалары туралы.
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы Ақтөбе қаласының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы және Ақтөбе облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Мұратұлы Саймағамбетов хабарлама жасады.
Келесі болып Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалының жай-күйі және даму перспективалары туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашов хабарлама жасады.
Комиссия отырысында аталған мәселерді талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өзекті сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.