Баспасөз хабарламасы

210820ruskaz20 тамызда облыстық мәслихат депутаты Х.Ж. Ильясовтың төрағалығымен құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Р.Г. Хамбаров, қала әкімі А.Б. Шахаров қатысты.
Осы мәселені талқылау барысында қаланы дамыту инфрақұрылымына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жол қызметтерінің, қаланы санитарлық тазалаумен айналысатын мердігер ұйымдардың, ЖПК-нің және тікелей қала азаматтарының, сондай-ақ шағын және орта бизнес мекемелерінің жұмыстары туралы айтылды.

Отырысқа қатысушылар коммуналдық қызметтерді ұйымдастыруда цифрландыруды енгізуді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар енгізді. С.М. Қалдығұлова қаралатын мәселелер бойынша жұмыстың тиімді тетігін нақты белгіледі. Қала әкімі А.Б. Шахаров біздің қаламыздың игілігі үшін қызметтердің, кәсіпорындардың үйлесімді жұмысына бағытталған барлық жұмыс процестерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы депутаттарды хабардар етті. Облыстық мәслихат депутаттары А. Айтжанов, Т.Талаева, Х. Ильясов қаланы көгалдандыруды бақылау бойынша ұсыныстар енгізді. Отырыста қаралған барлық мәселелер жауапты тұлғалардың тұрақты бақылауында болады.