Баспасөз хабарламасы

180820kaz2020 жылғы 18 тамызда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыс жұмысына тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Хамбаров Руслан Геннадьевич қатысты.
Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. Ақпараттандыру басқармасының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы есебі.
2. Ақтөбе қаласы геопорталының жұмысы және одан әрі дамуы туралы.
Бірінші болып Ақпараттандыру басқармасының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сергей Геннадьевич Беккер хабарлама жасады.
Келесі болып Ақтөбе қаласы геопорталының жұмысы және одан әрі дамуы туралы Ақтөбе қаласы геопорталының жүйелік әкімшісі Иманова Сәуле Серікбайқызы хабарлама жасады.
Комиссия отырысында аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өзекті сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.