Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері

medrabdayСіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Медицина қызметкері күні - бұл біздің ақ халатты абзал жандарға - дәрігерлерге, мейірбикелерге, барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіретін тамаша мүмкіндік.

Адам денсаулығы қай уақытта да ең басты құндылық болып саналады.
Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер қайта жалғанып жатады.
Сақталған өмірлер үшін кәсіптік борышқа адалдық, жоғары біліктілік және қайырымды істеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сізге зор денсаулық, жақсылық, отбасыңызға амандық, береке-бірлік, сәттілік пен жаңа табыстар тілеймін!

Құрметпен, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова